ЖЕТІСАЙҒА РЕСЕЙДЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖЕТТІ

546 көрілім

Елдегі етек жайған вирусты пневмония індетіне қарсы күресте көршілес елдерден гуманитарлық көмек ретінде қорғаныш киімдері мен бір реттік медициналық бетперделер, хирургиялық қолғаптар мен дәрі-дәрмектер, қосымша тыныс алу аппараттары жіберілуде.
Сондай гуманитарлық көмектердің бірін жетісайлық жас кәсіпкер, «Нұрай» халыққа қызмет көрсету орындары желісінің басшысы Ануарбек Балғабаев Ресей Федерациясынан өз қаржысы есебінен жеткізіп берді. Құрамында «Пульсоксиметр», «Меропенем», «Реамбирин», «Фраксипарин», «Фленокс», «Дексаметазон», «Сульфокамфокаин», «Левофлоксацин» таблеткасы, «Левофлоксацин» ерітіндісі, «Парацетамол» және «Аскорбин қышқылы» таблеткалары мен 2 дана жасанды тыныс алу аппараттарын аудандық «Жетісай» және «Асықата» ауруханаларына табыс етті.

Гуманитарлық көмектердің ауруханаларға табыс етілу шарасына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен аудан әкімі жанынан құрылған «Жетісай Адалдық Алаңы» кеңсесінің мүшелері аппараттар мен дәрі-дәрмектерді жеткізуге атсалысқан Ануар Өмірбекұлына алғыстарын білдірді.
«Індетке қарсы күресте тасада қалмай, аудандағы ауруханаларға қолұшын созып, емделушілер үшін қажетті осындай жасанды тыныс алу аппараттарының, дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуына қолұшын созып жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз елдің болашағын қалыптастыруда теңдессіз үлкен көмек» деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев.
Айта кетейік, Ануар Балғабаев аудан экономикасының дамуымен қатар қайырымдылық шараларда, Сovid19 пандемиясы мен вирусты пневмония індеттерінің алдын алуда медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды жеткізіп беруде демеушілік жасап келеді.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы