КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ

3  627 көрілім

Бүгінгі таңда Түркістан облысы, Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстарына арналған 59 300 гектар суармалы жерді игеру жоспарланған. Шардаралық шаруалардың негізгі дақылы саналатын мақтаның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5704 гектарға қысқарып, оның орнына дәндік дақыл мен мал азығы саналатын егістіктер көлемі көбейеді.

Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы мен диқаншылық болып саналатын аграрлы ауданда жер жыртуға арналған техникалардың саны артып, межеленген 45 321 гектар жер толығымен игерілген.
Аудан шаруаларының тапсырыстары негізінде 2500 тонна селитра, 650 тонна аммофос, 450 тонна сульфат аммоний, 110 тонна карбамид пен тиісті минералды тыңайтқыштар «Нимэкс», «Мырзакент» ЖШС арқылы шаруаларға фьючерс арқылы уақытылы жеткізілуде.

Аудан диқандарының көктемгі егіс жұмыстары тоқтап немесе кешеуілдеп қалмауы үшін Үкімет тарапынан бөлінген 3120 тонна жанар-жағармай жергілікті кәсіпкерлер мен операторлар тарапынан жеңілдетілген бағада берілуде.

Сонымен қатар, ауданда суармалы жерлерді ылғалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл округтерінде орналасқан агро құрылымдар тарапынан «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалымен ағын су алуға келісім-шарттар жасалып, сұранысқа сәйкес Қызылқұм магистралды каналы арқылы секундына 10 текше метр ағын су босатылуда. Нәтижесінде 28 559 гектар жер толығымен ылғалдандырылды.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы