ҒАЛЫМДАРДЫҢ ПІКІРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

45 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында АЭС құрылысы бойынша референдум күнін белгілеген болатын. Осыған орайелімізде атом электр стансасын қолдау жөніндегі Халықтық штаб өңірлерде жұмысын бастады.

Соның ішінде Түркістан облысында  Президенттің АЭС салу туралы идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүріп жатыр. Референдум қарсаңында қоғамды жұмылдыратын маңызды миссияға «Түркістан» және «Сауран» газеттерінің ұжымы да үн қосты. «Түркістан Медиа» ЖШС басшысы Мәлік Жұмаханұлы ұжымдастармен әңгімелесу барысында атом энергиясының инфрақұрылымды дамытуға серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, АЭС жұмысындағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты ғалымдардың пікірі назарға алынды.

Айта кетейік, газетіміздің өткен санынан республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі маңызды ақпараттарды оқи аласыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы