ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ТАҚРЫБЫ ҚАРАЛДЫ

46 көрілім

Түркістан қаласы Қоғамдық кеңес отырысының кезекті жиыны өтті. Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары мен қалалық «Кірістер басқарма» бастығының орынбасары Е.Натимов, қала әкімдігінің «Ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің» инспекторы С.Тәңірбергенов, «Экономика және қаржы бөлімінің басшысы» О.Булегенов пен «Құрылыс бөлімінің басшысы» Н.Нақбаев қатысты. Онда арнайы бекітілген күн тәртібі мен жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар мәселе талқыланды.

Биылғы жылдың І-жарты жылдығында атқарған жұмыстар, алдағы міндеттері мен құрылыс жұмыстарының қарқынын салыстыру көзделген кезекті жиынды кеңес төрағасы М.Атанбаев бастады. Ең алғаш болып, Қалалық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы баяндама оқып, алдағы міндеттерімен бөлісті. Қоғамдық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша сұрақ қойып, біраз мәселені талқыға салды. Соның ішінде, жан басына шаққанда халықтың күнкөріс деңгейі төмендеп кеткені айтылып, жауапты сала өкілдері бұл деңгейдің халық санына сәйкес есептелетінін жеткізді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Құрылыс бөлімінің» қала аумағында мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан нысан жұмыстарына арналды. Бөлім басшысы Н.Нақбаев баяндама оқығаннан кейін қоғамдық кеңес мүшелері құрылыс жұмыстары мен қала ішіндегі инфрақұрылға бөлінген қаржыға байланысты бірнеше сұрақтарын қойды. Мәселен жаңа қала аумағындағы ағаштардың қурап кеткені, оған жұмсалған қаржының аз еместігі айтылды. Алайда жауапты сала басшысы бұл бойынша мердігер компания 5 жылға дейін ағаштарды қарап, баптауға жауапты екенін айтты. Одан бөлек, тұрғын үй құрылысын қабылдау жолдары, берілу барысы туралы талқылау жүргізіп, сұрақтар қойылды.

Жиын соңында талқыланған мәселе бойынша алдағы уақытта қарқынды жұмыс істеп, оң нәтиже көрсету жүктелді.

«Түркістан-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы