ЖАҢА ҒАСЫРДЫҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ МАМАН ДАЯРЛАНАДЫ

191 көрілім

Түркістан топырағында орналасқан көрнекті орындарының бірі – бұл Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасымен 1991 жылы ашылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып табылады. Ұлы бабамыздың атымен аталған бұл университет «Webometrics» жаһандық рейтингінде үздіктер қатарынан орын алған Қазақстандағы озық және көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі.

  • Бүгінгі таңда университет ректоры Жанар Амангелдіқызының бастауымен қазақ елі мен бүкіл түркі әлеміне қызмет ететін білімді әрі жаңа ғасырдың талаптарына сай мамандарды даярлау бағытында игі істер атқарылуда.
  • Оқу ғимараттары мен жатақханалар, ашық және жабық спорт залдар, емдеу диагностика орталығы, мәдениет орталығы, ботаникалық бау, жабық бассейн және 400 000 томдық жаңа кітапхана студенттер мен оқытушылардың қызметтерін оңтайландыруда тиімді қолданылады.
  • Университет құрамында 10 факультет, кәсіптік колледж, 6 ғылыми-зерттеу институты, бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайтын 54 кафедра бар.

Университеттің Қазақстан мен қатар әлемдік деңгейде ғылыми еңбектерімен, оқу құралдарымен танымал болған беделді ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PhD-докторлары студенттерге қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде сабақ жүргізеді. Ішкі рейтингте жыл сайын үздік бестіктен төмен түспей, студенттердің ғылыми және академиялық жұмыстары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген кафедралардың бірі – «Физика» кафедрасы болып табылады.

Кафедра жұмыс берушілер талап ететін техникалық және техникалық емес құзыреттіліктерді дамыту мәселелері, өнеркәсіптік сектордағы білікті жұмыс күшінің жеткіліксіздігін азайту, білім беру бағдарламаларындағы өнеркәсіп пен бизнеске бағдарланған пәндердің санын ұлғайту, бұл пәндерді оқытудың озық технологияларын әзірлеу бойынша үлкен жұмыстар атқарады. Физика кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылған үш гранттық жоба іске асырылуда. Жобаны іске асыру барысында алынған нәтижелер 4-ші өнеркәсіптік революцияның білім беру жүйелеріне тигізетін әсері сияқты әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелердің шешімін іздеуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында физикалық және химиялық ғылымдар даярлау бағыты бойынша болашақ физика мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларына жаңа пәндерді енгізудің мүмкіндігін арттырады. Ғылыми жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған қондырғылар, құрал-жабдықтар сатып алынады, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары, электрондық білім беру ресурстары, монографиялар, жоғары рейтингті журналдарда ғылыми мақалалар жарық көреді. Бұл студенттердің терең білім алып, өз білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік туғызады. Жоғары оқу орындарының профессор оқытушылар құрамына, білім алушыларына осындай мүмкіндіктер жаратып бергені үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Физика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ә.Х.Сарыбаева мен доцент, PhD-доктор Ш.Ж. Раманкулов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы