БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ЕРТЕҢГІ ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН

1 161 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Үкімет  2022 жылғы 20 наурыздағы №148 қаулысымен Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткені белгілі. 
Айта кету керек, Республикалық жоспардың мақсаты – балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани, имандылық дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН  БАРЛЫҚ ІС-ШАРА

– Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. ­Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауы­мыз керек. Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал үкімет қаулысына сәйкес, аталған жоспарға 66 іс-шараның ішінен баланың шығармашылық, спорттық, зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында тікелей бағытталған 21 (32%) іс-шара кіреді. Республикалық жоспардан басқа, 17 өңірлік, 280 аудандық және қалалық, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ­жоспарлары қабылданды. Балалар жылы аталған жоспармен ғана шектелмейді.

Ал алдағы 5-6 айдың ішінде министрлік  тарапынан ЖАО-мен, ОМО-мен бірлесіп,  Балалар жылын ұйымдастыру бойынша қандай шаралар қабылдады?

– жедел штабтар құрылды (220 адам), штаб туралы үлгілік ереже әзірленді;

– спикерлер пулы жұмыс істейді (50 адам);

– күнделікті, апта сайынғы және тоқсан сайынғы негізде ақпарат жинау жүргізіледі;

– балаларды, оның ішінде жекелеген санаттарды қамту бақылауда;

– барлық деңгейдегі әкімдердің белсенділігіне мониторинг жүргізілуде;

– барлық мүдделі тараптардың жедел өзара іс-қимылы үшін республикалық деңгейде ватсап-та 3 жалпы чат құрылды;

– Балалар жылын іске асыру бойынша барлық жерде нұсқаулық-әдістемелік хат әзірленді және жіберілді;

– 1 маусымға арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясын өткізу бойынша құжаттар пакеті әзірленді, өңірлерге жіберілді;

Балалар жылына қатысты жарияланымдар бойынша әлеуметтік желілерге ­мониторинг жүргізілді: өңірлер өткізілген іс-шаралар туралы жарияланымдарға барлығы 18000-нан астам сілтеме жіберді.

Мемлекеттің әлеуметтік қолдауымен 100% жекелеген санаттағы балалар қам­тылған, оның ішінде 460 мың аз қамтылған отбасынан шыққан балалар және 22 мың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

ӘЛ-АУҚАТ ИНДЕКСІ  ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРЕДІ

Жалпы республикада бойынша балалардың  саны 6 млн 300 мың екенін айта кеткен жөн. Балалардың бос уақыты барлық игілікті іс-шаралармен қамтылды. Атап айтқанда, сәуір-мамыр айларында балаларды әртүрлі шығармашылық және спорттық іс-шараларға тарту жұмысы жандана түсті. Дерекке жүгінсек, 5 айда 17 300 іс-шара өткізілді.  Оған 2,5 млн бала қатысты бұл оқушылардың жалпы санының – 75 пайызы. 

Президент тапсырмасынан кейін балаларға жасалып жатқан қамқорлық ұшан-теңіз. Жыл басынан бері Үкімет қабылдаған шаралардың өзі жұмыстың нәтижелілігін көрсетсе керек. Елімізде бұрын-соңды болмаған әл-ауқат индексі әзірленді. Қазір бұл процесс іске асып жатыр. Атап айтқанда:

– 5 айда 34 мың орындық 322 балабақ­шаның 9,4 мың орындық 130-ы ашылды;

– 300 мың бала үйірмелер мен секциялармен қосымша қамтылады. қамту көрсеткіші 5%-ға артты, яғни 70,5%-дан 75,5%-ға дейін және 2 732 681 баланы құрады;

– алғаш рет Халықаралық зияткер­лік, шығармашылық, спорттық олимпиада­лардың 100 жеңімпазы мен жүлдегерлері «конкурстан тыс» қағидаты бойынша отандық жоғары оқу орындарының гранттарына ие болады;

– беделді халықаралық зияткерлік олим­пиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғаш рет ақшалай сый­лықтар табыс етіледі (1 орын – 4,5 млн тг, 2 орын – 3 млн тг, 3 орын – 1,5 млн тг). Сыйлықтар олардың ұстаздарына да беріледі;

– «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы алғаш рет енгізілуде;

– білім алушылардың білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында алғаш рет 500 мың үлгерімі төмен және СЭС-і төмен оқушыларды қолдауға бағытталған «Цифрлық мұғалім» жобасы енгізілуде;

– мектеп – ата-ана қарым-қатынасының форматы өзгерді: әдеттегі ата-ана жиналыс­тарының орнына педагок – ата-ана консилиумдары өткізіледі;

– республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадр­ларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға ұлғайтылды, қаржыландыруға қолдау көрсетілді;

– ЖОО гранттарының саны (15 мыңға артық) 88 214-ке дейін ұлғайтылды;

– колледжге алғаш рет оқуға түсушілер үшін белгілі бір жағдайлар жасалған түсу емтихандары алынып тасталды, талапкер 4 колледждің өзі және 4 мамандықты таңдайды, қабылдау квотасының тізбесі 9 санатқа дейін кеңейтілді (1, 2 топтағы мүгедек балалар, ауыл жастарынан шыққан балалар, қандас, жетім балалар, көп балалы отбасылардан, толық емес отбасылардан, қоныс аударушылардан). Мамандық таңдау үшін кәсіптік диагнос­тика қарастырылған, бірнеше біліктілік алуға мүмкіндік берілген (1-ден 3-ке дейін), кәсіпорындарға мақсатты мемлекеттік тапсырыс берілген (20 мың орын);

– балалар жылында тегін ыстық тамақ берілген бастауыш сынып оқушыларының саны 10%-ға артты (41% немесе 607 318 бала);

– «Балаға лайық» республикалық акциясы арқылы мектеп асханалары мен санитарлық тораптардың жағдайы ерекше бақылауға алынды;

– балалар саласындағы қазақстандық құқық қорғау институтын нығайту үшін жетекші жоғары оқу орындарының базасында «Балалар игілігі үшін» балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік жобалық офистерді құру бойынша жұмыс басталды.;

– жоспарға сәйкес әр өңірде облыс әкімінің кеңесшісі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын Бала құқықтары жөніндегі өңірлік Уәкіл институтын құру жөніндегі бастама пысықталуда;

– психологиялық-педагогикалық қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік тапсырысты ­орналастыру қағидалары бекітілді.

ЖОБА ЖАҚСЫ, ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ

Әрине, ата-ана ғана емес, балаларды қорғау, оның ішінде мектептерде тәрбие компонентін күшейту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің мониторингі жүйеленгенін айта кету керек. Бір ғана мысал, Министрліктің Республикалық әдістемелік тобы 10 өңірдің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, БҚО, СҚО, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Нұр-сұлтан қаласы) 378 балалар мекемесінде болды.

Бұл орайда  Балалардың құқын қорғау саласындағы волонтерлік қозғалысқа кең серпін берілді.  Үйде оқитын балаларға көмек көрсету бойынша «Мен сенің досыңмын» акциясына 6 мыңнан астам еріктілер қатысты. Алғаш рет «Балалар және театр» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе отырып  500 мың балаға 6 театрға тегін абонемент ұсынылады. Бұл ғана емес, 5 айда 743 дебат клубы ашылды, ел бойынша көрсеткіш 120 мың жас дебатерді қамтумен 5 905 клуб құрылды. Бұл, әрине, өте жақсы көрсеткіш.

– барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан оқушылары мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» жобасы бойынша ҚР БҒМ БҚҚК QR-коды бар тақтайша орналастырылған – «balaqorgau» веб-сайты бар. Сайт мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына мектепте, үйде және көшеде қиындықтарға тап болған балаларға және олардың ата-аналарына тақтайшалардан QR кодын сканерлеу арқылы көмектесуге арналған.

Оқушы балалар үшін  алғаш рет мектепке қажетті автопарк ауқымды түрде жаңартылу үстінде. Дерекке жүгінсек, осы күнге дейін  жергілікті атқарушы органдар 515 мектеп автобусын сатып алған.

Сонымен қатар наурыз айында жалпы саны 6-дан 17 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам баланы қамтитын «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аяқталды. Жоба толеранттылыққа тәрбиелеу және көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау арқылы балаларды адамгершілік жағынан дамыту мақсатында өткізілді. Дебатерлер арасында – үздік ораторлар мен талдаушылар; жетім балалар арасында – Үздік жас вокалистер, театралдар мен хореографтар; ЕБҚ бар балалар арасында – Үздік жас суретшілер мен сәндік – қолданбалы өнер шеберлері анықталды.

Барлық аймақтардағы мектеп және студенттер парламенттерінен 350 мың жас саясаткер өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды дамыту тұжырымдамасы негізінде әртүрлі мектептегі танымдық, шығармашылық және еріктілер жобаларын дербес жүзеге асырады. Министрлік мектеп парламенттерінің 500 көшбасшысымен 8 онлайн тренинг ұйымдастырды.

АҚДМ ақпараты бойынша, «Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету» гранттық жобасы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша грант алушы «Самал» оңалту орталығын анықтады. Жоба мүгедек балалардың проблемаларына назар аудару, ­ерекше ­балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың мінез-құлық үлгілерін өзгерту мақсатында жүргізіледі және 1000 адамды қамтиды.

ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІКТЕН  АРЫЛУ – ИГІЛІКТІ ІС

Айта кетейік,  бес мемлекеттік органның (БҒМ, АҚДМ, ДСМ, Еңбекмині, ІІМ) бірлескен бұйрығымен ТЖС туындау қаупі бар аймақтағы отбасылар мен тұлғаларға көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілген. 500 мың баланы ақпараттық тұрғыдан қамтыған «Жастар мен балалар арасындағы интернет-тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу» жобасы бойынша «Аманат» жастар қанатының республикалық қоры да грант алушы ­болды.

Алдағы уақытта интернет-ресурстар (телеграмм-бот, әлеуметтік желілер және т.б.) арқылы білім беру ұйымдарында (санитариялық тораптар, асханалар, жиһаздар, жабдықтар және т.б.) қауіпсіз және жайлы ортаның қамтамасыз етілуіне қоғамдық бақылау тетігін құру және мектептегі тамақтану сапасын, асханалар мен санитариялық тораптардың жай-күйін бағалау бойынша «Балаға LIKE» республикалық акциясын іске асыру ­жоспарланып отыр.

«Әжемнің ертегілері» жобасы аясында Ұлттық академиялық кітапхана ақпан, ­наурыз, сәуір айларында 4-8-сыныптардың 50 оқушысына «Үлкен өнеге», «Тәрбие – тал бесіктен» танымдық сағаттарын, «Ертегілер елінде» бейне-оқылым өткізді. www.danabala.kz балалар әдебиетінің «Дана бала» сайты 100 кітаппен (ертегілер, көркем әдебиеттер және оқу-әдістемелік әдебиеттер) толықтырылды.

Балалар жылын өткізу жөніндегі барлық ақпарат Министрліктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланып отыр. 2021 жылмен салыстырғанда шығармашылық үйірмелерде қамту 88 111 балаға артты. Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар арасында оқырмандар қозғалысы жандандырылып, оған 6400 кітапханашы мен 3,4 млн оқушы тартылды. Республика мектеп кітапханаларының кітап қоры 2,2 млн дана жаңа көркем әдебиетке жаңартылды. Мектеп кітапханаларына орташа келушілер саны 10 есеге артты.

Жүйелі проблемалар болса, ол алдағы уақытта 2023–2027 жылдары балалар мүддесіне арналған жаңа ұлттық жоба шеңберінде кезең-кезеңімен шешілуі тиіс. Нақты айтқанда, балалар жылында оларға қажетті тиімді жобаларды жүзеге асыру  Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.

Еркін ҚАЛДАН

anatili.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы