БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРНАЙЫ МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

348 көрілім

Конгресс холл ғимаратында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай мерекелік жиын болып өтті. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, ақпарат саласына еңбегі сіңгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен «Оңтүстік Қазақстан» газеті Бас редакторының 1-ші орынбасары Нұрлан Кенжеғұлов, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақстан Ұлттық» телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Айнұр Ақбаева және «Айғақ» телеарнасының Бас редакторы Ұлжан Наушабаева, ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен «Рейтинг» ақпараттық-сараптамалық апталығының бас редакторы Бақытжан Әбдірашұлы марапатталады.

Сонымен қатар аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаты, Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің Алғыс хаты, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың Алғыс хаты және Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері арасында төрт жылда бір мәрте өткізілетін Республикалық спартакиадада топ жарған Түркістан облысының құрамасына арнайы Алғыс хат берілді. БАҚ қызметкерлері күніне орай өткізілген мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы