АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ

785 көрілім

Қазіргі таңда көптеген білім ордалары «Омикрон» штамының күшеюіне байланысты алыстан онлайн оқытудың әдісіне көшуде. Алайда, біздің мектеп-интернатымыз үздіксіз білім беруін соңғы жылдары да тоқтатқан емес. Біз бәрінен бұрын қазіргідей қатыгез қоғамда балаларға адамгершілік тұрғысында үлкенді, ата-ананы құрметтеу бағытында тұрақты тәрбие беріп келеміз. Соның бір парасына тоқтала кетсем.

Біздің педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық, талғам, этникалық және отбасылық өмір мәдениеті. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани – адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік.

Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден – бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыпты жан – жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата – ананың басты міндеті – баласын ізгілікті адам етіп шығару.

Ата – ананың болашақ тәрбиесі үшін, жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата – ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Ұлы ақын Абай адамгершілік, әдептілік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы – мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр.

Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі – адамгершілікке баулу. Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.

Мектеп-интернатымыздың балалары көп уақытын үйден тыс, яғни мектепте өткізеді. Сондықтан балаларымызды ізгілік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерге баулитынымыз анық. Жақсы-жаман әрекеттерді ажырата білуге үйретеміз. Мектеп-интернатымыздағы балаларымызды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы, қашан да халық тәрбиесін үлгі етіп ұстаймыз. Балаларымыздың мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін құдіретті қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде алдыма қойған мақсатымның бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. «Біз тәрбиелеп отырған ұлдарымыз бен қыздарымыздың өмірі жарқын, болашағы айқын болсын!» дегім келеді. «Біздің мәпелеген талымыз түзу өссін!» – деп, ақын ағаларымыздың өлеңдерімен қорытындылаймын:

«Адам – ғалам ғажайып, жеке-дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысаң, істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана», – дейді Ақжан Әл – Машани.

Ұлжан БАЙКЕЕВА,

«Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ-сі тәрбиешісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы