«JUSAN SINGULARITY» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ

84 көрілім

Jusan Bank жалпы HR-нарығындағы топ-позицияларды иеленетін, сұранысқа ие ІТ мамандықтары бойынша қарқынды курстар ұсынатын «JUSAN SINGULARITY» білім беру хабын құру туралы жариялады.

Болашақ студенттерге арналған мамандандықтар: JAVA, iOS, Android, Frontend әзірлеушілері, DevOps инженерлері.

«JUSAN SINGULARITY» тегін негізде оқытуды, шәкіртақыны, сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейін JUSAN тобындағы компаниялардың біріне кепілді жұмысқа орналастыруды ұсынады.

“Бұл жоба — біздің “Әркімге сенеміз, саған сенеміз!” жаңа даму тұжырымдамамызды іске асырудың алғашқы сатысы. Біз өз командамызда үздіктерді көргіміз келеді және сізге үздік болуға көмектесуге дайынбыз!”, – деп атап өтті Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып.

«JUSAN SINGULARITY» сабақтарына тек студенттер мен жаңадан келген мамандар ғана қатысып қоймайды. Бағдарламада жасқа шектеу жоқ, егер сіз кенеттен қызмет саласын ауыстыруды, мамандықты да, мансапты да түбегейлі өзгертуді шешсеңіз — сіз де «JUSAN SINGULARITY» сертификатын ала аласыз.

“Біз үшін осындай білім беру құрылымын қалыптастыру бұл уақыт мәселесі болды. Әлемдегі басты HR-тренд — бұл “екінші мансап” мүмкіндігі мен қажеттілігі, адам өзінің кәсіби мүдделерін, ұмтылысын өзгертіп, тиісті салаға ауысады немесе өзінің кәсіби бағытын 180 градусқа бұрады. Сондықтан біз ЖОО түлектеріне де, басқа салада белгілі бір дәрежеге жеткен үміткерлерге де ашықпыз”, – деді JUSAN адами капиталды дамыту департаментінің директоры Анна Тимофеева.

«JUSAN SINGULARITY» алғашқы қабылдауы тек 100 адамға арналған, сондықтан орынға байқау өте күрделі болады. Оқуға өтінімді https://jusan.kz/jusan-singularity JUSAN SINGULARITY сайтында беруге болады, осы жерден оқуға түсу шарттарымен де таныса аласыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары