КРИШТИАНУ РОНАЛДУ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

418 көрілім

Ол өткен жылы әлемдік рекордты жаңартқан болатын.

«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА тарапынан арнайы «The Best» жүлдесін жеңіп алды.

Халықаралық футбол федерациясы Роналдудың өткен жылғы жетістігін атап өтті: ол ұлттық құрама сапындағы голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартқан болатын. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландия қақпасына дубль жасаған (2:1) Криштиану 111 голмен Иран құрамасының бұрынғы шабуылшысы Али Даеиден (109) озып кетті.

«ФИФА-ның арнайы жүлдесін алу – мен үшін үлкен мәртебе. Осындай беделді ұйымның мені ұлттық құрама деңгейінде үздік сұрмерген деп тануы елімнің ұлттық құрамасындағы жетістігімнің шыңы болып табылады.

Енді мен бұл марапатты «Манчестер Юнайтед» пен Катарда өтетін әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайтын Португалия құрамасының мақсаттарына жетуге көмектесу үшін мотивацияға айналдыруым керек. Біз бәріміз бірге осы таңғажайып оқиғаны жазуды жалғастыра аламыз.

Соңғы онжылдықта менімен бірге Португалияның намысын қорғаған барлық ойыншыларға және дүние жүзінде маған қарсы тұрған барлық футболшыларға ерекше алғыс айтамын. Олардың таланты, кәсіби шеберлігі және ерекше қабілеттері менің әрқашан жақсы ойнауыма көмектесті. Рақмет!», – деді Роналду өзінің Instagram парақшасында.

Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында Роналду 16 матчқа қатысып, сегіз гол соққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы