ҚАЛА ӘКІМІ АТА ЗАҢ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР АЗАМАТТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

385 көрілім

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков алдағы Ата заң Күніне орай Түркістан қаласының әлеуметтік және экономикалық, құқықтық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

   Алдымен сөз алған қала әкімі Ата заңның мән маңызын айта келіп, соңғы екі жылда індеттің белең алған кезінде құқықтық тәртіпті қатаң қадағалаған саланың білікті мамандары мен  тұрғындардың денсаулығын күзеткен ақ халатты абзал жандарды марапаттады.

Олардың қатарында «Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен зейнеткер Пернехан Сәруаров, «Ұлы Дала Елі» орталығының директоры Гүлжанат Дүйсембаева, Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігері Салтанат Асқарова марапатталды.

  Құқық қорғау саласынан қала прокуратурасының прокуроры Оңалбек Ғалымжан, қалалық полиция басқарма басшысының орынбасары Шералы Абдрахманов, қалалық сотының бас мамандары Айда Сапарбек, Алмас Сатыбалдиевтер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ қаладағы індеттің өршіген кезінде елдің амандығы үшін үлкен қызмет атқарған «Талғат», «Санитас», «Ақзере», «Ақмарал» емханаларының басшылары мараппаталды.Бәрінен бұрын, қазақстандықтардың амандығы олардың Ата заңды құрметтеп, адами құндылықтарды ардақтауы – бас қосудың алтын арқауына айналды.

Ескендір ЕРТАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы