Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК лауазымдардың бос орындарына конкурс өткізу туралы хабарлама

340 көрілім

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әйтеке би 1Б, анықтама үшін телефон 8(725-33) 3-23-00, электрондық почта: azret-sultan@mail.ru төмендегі лауазымдардың бос орындарына конкурс жариялайды:

1.Экскурсовод (В2-4), 1 бірлік, негізгі жұмыскер бала күтіміне байланысты демалыста болған 2023 жылдың сәуір айына дейінгі уақытына.

Лауазымдық міндеттері: экспозициялар, көрмелер, ашық сақтау қорлары мен музей нысандарына экскурсиялар жүргізеді; ішкі тәртіп актілері мен әдіскердің ұсыныстарына сәйкес экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізеді; экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын жасайды; мәдени-ағартушылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады.

Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңдарын; өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды, ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерді, экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, көпшілікпен жұмыс істей алуды (сөйлеу мәнері, дауыс ырғағын, этика және эстетиканы сақтау).

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 2 жыл, жоғары кәсіптік білім (филология, аударма ісі, өнер) және мұражайда 3 жылдан кем емес бірінші санатта орта деңгейлі маманы қызметінде жұмыс өтілі, ағылшын, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерген болуы тиіс.

2. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы (С-2), 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: ескерткіштер мен олардың қорғалу аймақтарында жүргізілетін жұмыстар түрлеріне, тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен елді мекендерді жоспарлау, құрылыс салу және қайта құру жобаларының ғылыми-жобалық құжаттарын қарауға және келісуге қатысады; тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, тарихи құрылыстар мен ортаның сақталуын тексеруге қатысады;жүргізілген зерттеулер негізінде тарихи-мәдени мұра нысандарының тізімін, ескерткіштердің есепке алу-қорғау құжаттамаларын жасайды; ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру, консервациялау және бейімдеу, олардың аумақтарын абаттандыру жұмыстарына байланысты тиісті өзгерістерді есеп құжаттамасына енгізеді; нысандарды алдына ала тізімге және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізу жөніндегі есептік құжаттамаларды дайындауға қатысады; облыстық мәдениет басқармалары атынан ескерткіштің меншік иелерімен және пайдаланушыларымен қорғау міндеттемелерін жасау бойынша жұмыстарды жүргізеді; нысандарды тарих және мәдениет ескерткіші ретінде тану, сондай-ақ оларды бұл мәртебесінен айыруға байланысты арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысады.

Білуі тиіс: Конституцияны; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек Кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (құқық) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

3. Референт (С-2) 1 бірлік уақытша, негізгі жұмыскер бала күтіміне байланысты демалыста болған 2023 жылдың сәуір айына дейінгі уақытына.

Лауазымдық міндеттері: Ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бойынша ұйым басшысының әкімшілік-басқару қызметі жұмысын жүзеге асырады. Басшының қарауына түскен хат-хабарды қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес оны жұмыс барысында пайдалану немесе жауап дайындау үшін құрылымдық бөлімшеге немесе нақты орындаушыға береді. Іс қағаздарын жүргізеді, компьютерлік техниканы пайдалана отырып, шешімдер дайындау және қабылдау кезінде ақпарат жинауға, өңдеуге және ұсынуға арналған түрлі операцияларды орындайды. Ұйым басшысының қолын қойғызуға құжаттар және түрлі өтініштер қабылдайды. Басшының жұмысына қажетті құжаттар және материалдар дайындайды. Құрылымдық бөлімшелердің және нақты орындаушылардың орындауға түскен құжаттарды уақытылы қарауын және ұсынуын бақылайды, басшыға қол қоюға берілген, дайындалған құжаттар жобаларының дұрыс ресімделуін тексереді, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етеді. Басшының телефонмен сөйлесулерін ұйымдастырады, ол болмағанда алынған ақпаратты жазып алады және оның мазмұнын оған жеткізеді, қабылдау-сөйлесу қондырғылары (телефакс, телекс және тағы басқа) бойынша ақпарат, сондай-ақ телефонограммаларды береді және қабылдайды, байланыс арналары бойынша алынған ақпаратты оның назарына уақтылы жеткізеді. Басшының тапсырмасы бойынша хат, өтінімдер, басқа құжаттар жасайды, хат авторларына жауап дайындайды. Басшы өткізетін мәжілістер мен отырыстарды дайындау бойынша жұмысты (қажетті материалдар жинау, жүргізілетін уақыты және орны, күн тәртібі туралы қатысушыларға хабарлау, оларды тіркеу) орындайды, мәжілістер мен отырыстардың хаттамаларын жүргізеді және ресімдейді. Ұйым қызметкерлерінің шығарылған бұйрықтар мен өкімдерді орындауын, сондай-ақ ұйым басшысының бақылауға алынған нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Басшының жұмыс орнын ұйымдастырушылық техника құралдарымен, кеңселік керек-жарақтармен қамтамасыз етеді, оның тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайлар жасайды. Басшының нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік материалдарды басады немесе ағымдағы ақпаратты деректер банкіне енгізеді. Қарым-қатынас әдебін сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға көмектеседі. Істерді бекітілген номенклатураға сәйкес қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағат тапсырады.

Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын; экспонаттарды қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары кәсіптік білім және мамандығы бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

4. Кіші ғылыми қызметкер (В1-4) негізгі жұмыскер бала күтіміне байланысты демалыста болған 2024 жылдың наурыз айына дейінгі уақытына.

Лауазымдық міндеттері: Жауапты орындаушы ретiнде тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп күрделi тәжiрибелер мен бақылауларды жүзеге асырады. Алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжiрибесiн, бақылаулар мен тәжiрибелер нәтижелерін, ғылыми-техникалық мәлiметтерін жинайды, өңдейді, талдайды, қорытындылайды. Баспасөз беттерінде мақалалар жариялайды. Олардың нәтижелерiн қолдану бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің жоспары мен әдiстемелiк бағдарламаларын, практикалық ұсыныстарды құрастыруға қатысады. Тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды. Зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзуге қатысады. Баспасөз беттерінде ғылыми, танымдық мақалалар жариялау; Тақырыптық және кезең (немесе тапсырма) бойынша бөлім есептерін жасау; музей ісі бойынша ғылыми әдебиеттер, белгілі бір тақырыпта өлке тарихын жинау мен зерттеуді ұйымдастыру.

Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын; музей құндылықтарын есепке алу және сақтау жөніндегі нұсқаулықты, жәдігерлерді қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік музейлердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті мамандық бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм (магистратура, доктарантура) және ғылыми қызметкерлік жұмыс тәжiрибесi және музей саласында кемiнде 5 жыл жұмыс өтілі, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы. Ғылыми дәрежесі болған жағдайда-жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

5. Жылу ылғалдылық режимін бақылау инженері (С-2), 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалана отырып ғылыми–техникалық қызмет саласындағы жобалау, құрылыс, акпараттық қызмет көрсету, өндiрiстi, енбекті және басқаруды ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау жөніндегі жұмыстарды орындайды; әдiстемелiк құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ, әзiрленген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлейді; техникалық-экономикалық талдау жүргiзедi, қабылданатын және іске асырылатын шешiмдердi кешендi түрде негiздейдi, жұмыстарды (қызметтерді) орындау циклын қысқарту мүмкiндiктерiн iздестiредi, олардың орындалу процесiн дайындауға, ұйым бөлiмшелерiн қажетті техникалық деректермен, құжаттармен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; зерттеу, ұйымның (ұйым бөлiмшелерiнiң) жобалары мен бағдарламаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарға, жабдықты сынақтан өткізуге және оны пайдалануға енгiзуге байланысты iс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ техникалық құралдарды, жүйелердi, процестердi, жабдықтар мен материалдарды стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға, техникалық құжаттаманы қарауға және орындалатын жұмыс мәселелері жөніндегі кажетті шолуларды, пікірлерді, қорытындыларды дайындауға қатысады; ақпаратты, техникалық деректердi, жұмыстың көрсеткiштерi мен нәтижелерін зерттейдi және талдайды, оларды жинақтайды және жүйелейдi, қазіргі заманғы электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып қажетті есептеулерді жүргізеді; жұмыс кестелерін, тапсырыстарды, өтінімдерді, нұсқаулықтарды, түсіндірме жазбаларды, карталарды, схемаларды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ белгіленген есептілікті бекiтiлген нысандар бойынша және белгiлi мерзiмдерде жасайды, жобалар мен бағдарламаларды, жоспарлар мен шарттарды іске асыру кезiнде әдicтемелiк және практикалық көмек көрсетедi; техникалық құжаттамаға сараптаманы, жабдықтардың жай-күйіне және пайдаланылуына қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады; белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, қағидалар мен стандарттардың сақталуын бақылайды; жұмыскерлердің ғылыми-техникалық бiлiмдерiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; шығармашылық бастаманы, ұтымды етуді, өнертапқыштықты дамытуға, ұйымның тиiмдi жұмысын камтамасыз ететін отандық және шетелдік ғылым, техника жетiстiктерiн енгізуге, озық тәжірибені пайдалануға ықпал етеді.

Бiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының ұйымның өндiрiстiк-шаруашылық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін; орындалатын жұмыс жөніндегі әдiстемелiк және басқа да материалдарды; ұйым (ұйым бөлiмшелерi) қызметін техникалық дамыту перспективасын және ерекшеліктерін; әзірленетін және пайдаланылатын техникалық құралдардың, материалдардың жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін және олардың қасиеттерін; есептеу техникасының, коммуникация мен байланыстың казіргі заманғы құралдарын; зерттеу әдістерін, жұмыстарды орындау қағидалары мен шарттарын; техникалық құжаттамаға, материалдар мен бұйымдарға койылатын негiзгi талаптарды; техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу жөніндегі қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттарды, ережелер мен нұсқаулықтарды;техникалық есептерді жүргiзу және зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындау әдістерін; тиiстi қызмет саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктерін, озық отандық және шетелдiк тәжiрибенi; экономика, енбекті басқаруды және ұйымдастыру негiздерiн.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

6. Қор сақтаушы (В2-4), 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: музей заттарын сақтауды, олардың сақталымын және консервациялауды, жауапты сақтауға қабылданған музей заттарын зерделеуді қамтамасыз етеді, олардың сақтау қорлары жөніндегі инвентарлық кітаптарда тіркелуін тексереді; жауапты сақтауға қабылданған музей заттарын жүйелеуді, топографиялық тізімдемені, ғылыми-анықтамалық картотекаларын жасауды, музейдің, музей-қорықтың электрондық мәліметтер қорының тиісті бөлімдерін жүргізуді іске асырады; музей қоллекцияларын толықтыру бойынша жұмыстарға қатысады, музей заттарының сақталу жағдайына жүйелі бақылауды жүргізеді; қалпына келтіруге мұқтаж жәдігерлерді анықтау бойынша, сондай-ақ музей заттарының сақталымын қамтамасыз ететін алдын алу шараларын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; қалпына келтіру кеңесінде қарау үшін сақтау қорын қалпына келтіру және консервациялау бойынша тапсырмаларды дайындайды; музей заттарының және музей коллекцияларының бар-жоғын тексеруге және олардың бар-жоғын есеп құжаттамасымен салыстырып тексеруге қатысады; құжаттық және сурет қорының сақтандыру көшірмесін жасау бойынша (өз құзыреті аясында) жұмыстарды қамтамасыз етеді, қор сақтау қоймасы бөлмелерінің температуралық-ылғалдылық режиміне бақылау жүргізеді; экспозициялар мен көрмелерді дайындау жұмыстарына қатысады, коллекциялар каталогтарын, сақтау қоры материалдарының шолуын, жариялауға, жұртшылықтың сақтау қоры жөніндегі ақпаратқа қатысты сұранысы бойынша материалдарды дайындайды.

Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; жәдігерлерді қалпына келтіру технологиясын, музей заттарын есепке алу және сақтау саласындағы отандық және шетелдік музейлердің озық тәжірибесін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман: өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

7. Ғылыми қызметкер (В1-4), 0,5 бірлік.

Лауазымдық мiндеттерi: жауапты орындаушы ретiнде тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп күрделi тәжiрибелер мен бақылауларды жүзеге асырады; алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжiрибесiн, бақылаулар мен тәжiрибелер нәтижелерін, ғылыми-техникалық мәлiметтерін жинайды, өңдейді, талдайды, қорытындылайды; олардың нәтижелерiн қолдану бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің жоспары мен әдiстемелiк бағдарламаларын, практикалық ұсыныстарды құрастыруға қатысады; тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды; зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзуге қатысады.

Бiлуге тиiс: өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері;осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер; зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты қорыту мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып, заманауи әдістері мен құралдары; ғылым туралы заңнама негіздері; еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм (магистратура, доктарантура) және ғылыми қызметкерлік жұмыс тәжiрибесi мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 5 жыл, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

8. Баспасөз хатшысы (С-1) 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Біліктілік талаптарға сай болуға, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасауға, мекеме деңгейіндегі өткізілетін конференцияларға, кеңестер, семинарлар және өзге де іс-шаралар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына алдын-ала хабарлауға; стеннограммалармен, хаттамалармен, резолюциямен, пресс-релиздермен, өзге де құжаттармен журналистерді қамтамасыз етуге; бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мекеме жайындағы материалдарды жинақтап, тіркеуге; бұқаралық ақпарат құралдарына мұражай тынысынан материалдар жіберіп отыруға; мекеме басылымдарына идеологиялық талдаулар жасап, бағыт-бағдар беріп отыруға; мұражайдың маңызды оқиғаларына байланысты баспасөз конференцияларын ұйымдастырып отыруға; басқа да мұражайлармен ақпараттар алмасып отыруға; интернеттен әлемдегі, елдегі жаңалықтармен таныстырып отыратын белгілі сайттарды күнделікті қарап, қажетті материалдарды алып отыруға; мұражай жаңалықтарын мекеме сайтына орналастыруға ықпал жасауға; мұражай директоры атынан құттықтау, алғыс хаттарын, баяндама мен алғы сөз дайындауға; директор атынан өкілетті органдарға дайындалатын хаттарды жазуға немесе өңдеуге; қызметтік қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, мәліметтердің құпиялылығын сақталуын қамтамасыз етуге; қызмет этикасын сақтауға міндетті.

Білуге тиіс: ҚР Конституциясын; «БАҚ туралы» Заңды; мекеме басшыларының өкім, бұйрықтарын, әкімшілік-шаруашылық қызметіне қатысты нормативтік және басшылық құжаттарды; мекеме құрылымын және бөлімдердің дамуының келешегі мен бағытын; құжаттарды толтыру тәртібін;компьютерде жұмыс істеуді; диктофон, камера, фотоаппарат, сканер, факс және тағы да басқа қызметіне қажетті техникалық құралдармен жұмыс істеу тәртібін; еңбекті ұйымдастыру негіздерін; Еңбек кодексін; еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін мекеме жайында хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті асыру; осы қызметтік нұсқауды білуі тиіс. Баспасөз хатшысы белгіленген тәртіппен атқаратын қызметіне сәйкестілігі жөнінен аттестаттаудан өтеді.

Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: Баспасөз хатшысы қызметіне журналистік кәсіби білімі бар және сала бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3)толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп)

4) түйіндеме;

5) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

6) білімі туралы құжаттары (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

7) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген №075/у нысанындағы медициналық анықтама;

9) конкурсқа қатысушы наркологиялық есепте тұрмауы туралы наркологиялық ұйымынан анықтама;

10) конкурсқа қатысушы психоневрологиялық есепте тұрмауы туралы психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

11) конкурсқа қатысушы туберкулезға қарсы ұйымнан есепте тұрмауы туралы анықтама;

12) 3х4 фото (3 дана);

13) соттылығы жоқ туралы анықтама.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары