ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

134 көрілім

Бүгін облыстық “Farab” ғылыми кітапханасында ҚР Халықтарының тілдері күніне орай «А.Байтұрсынұлының тіл мұрасы» атты әдеби іс шара өтті.

Аталмыш әдеби іс шараға қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Республикалық “Қарашаңырақ ” қоғамдық бірлестігінің Түркістан аймақтық төрайымы Алима Пашанова, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева, қалалық әжелер алқасының төрағасы Балтагүл Оспанова, ҚР мәдениет майталманы Пернекүл Нальтаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зікірия Жандарбек, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Атамбаев тағы да бірқатар қаламыздың құрметті азаматтары, қоғам және мәдениет қайраткерлері  қатысып, кітапхана оқырмандарымен кездесті.

Іс шараға келген қонақтар кітапхананың мол қорымен танысып, жас өнерпаздардың өнерін тамашалады.
 Кездесу барысында қонақтар рухани көсемнің өмір жолы мен шығармашылық тағылымы тақырыбында әңгіме өрбітті.

Ұлт ұстазының саналы ғұмыры ұлықталды. Қала жастарына өткен терең тарихымыздың қатпарында жатқан бабалар аманаты насихатталып, жастардың өн-бойындағы отаншылдық рухты оятты.
  Сондай-ақ, қатысушылар қаламыздың қаламгерлер Санжар Ғұлама мен Ақмарал Ғаниқызы тіл туралы өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.

Шара соңында өнер көрсеткен жас дарындарды кітапхана директоры Жанат Шардарбекова арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

                                          Азамат ӘЛІБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары