ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДЕ ТОП ЖАРДЫ

77 көрілім

Румынияның Констанца қаласында 16-19 қыркүйек күндері аралығында ұлттық ойындардан жастар арасында Әлем кубогы өткен болатын. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерацясының қолдауымен өткен бұл жарысты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы мен Татар демократиялық қоғамы ұйымдастырды. Сайыс ұлдар мен қыздар арасында швейцар жүйесі бойынша рапид және шапшаң ойнау түрі бойынша жеке-жеке өткізілді.


Жарысқа 9 мемлекеттен 50-ге жуық спортшы келіп өз бақтарын сынады. Нәтижесінде Қазақстан жастар құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте алдыңғы қатарға шықты. Соның ішінде әйелдер арасында жерлесіміз Түркістандық Аружан Салман рапид түрінен жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.

«Румынияда ұлттық ойындар арасында Әлем кубогы өтті. Біздің облысымыз қазақша күрестен, асықтан, тоғызқұмалақтан барып қатысты. Асықтан қатысқан жігіттер топтық есеппен бірінші орынға шықты. Тоғызқұмалақтан рапид түрінен Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінің спортшылары Аружан Салман бірінші орынға, Ақбота Намаз екінші орынға ие болды. Спортшыларымыз Әлемдік додада көк туымызды желбіретіп, абыройымызды асқақтатты»,-деді Түркістан облысындағы тұғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Камила Копбаева.

Әлем кубогынде жалпы есеппен Қазақстан ұлттық құрамасы командасы алтын медаль, Қырғызстан командасы күміс, Түркиялық спортшылар қола жүлдегер атанды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары