ТҮРКІСТАНДА “МЫҢ БАЛА” ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

107 көрілім

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен 2015 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық конкурстардың облыстық кезеңі өтті. Байқауға аудандық, қалалық конкурстарында үздік шыққан мектеп оқушылар бақтарын сынады.

Жобада Қазақстандық этнос жастарына қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл мектебі» авторлық бағдарламасы, «Өнер алды қызыл тіл», «Өнерлі өрге жүзер», «Жарқыра, жас дарын!» конкурстары, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбындағы конкурстар мен викториналар, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, жалпықазақстандық диктант жазу мен ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстары өтті.

«Мың бала» жобасының облыстық кезеңіндегі «Өнер алды – қызыл тіл» көркем сөз оқу конкурсында Созақ ауданы, Навои атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Ахметжан Айша, қазақ тілінде өлең жазуға қабілеті балалар, суырып салма жас ақындар, сондай-ақ қиыннан қиыстырып сөз табатын, ойы жүйрік, сөзге шебер жастарға арналған «Жарқыра, жас дарын!» конкурсында Сауран ауданы, Ахмет Ясауи атындағы жалпы орта мектептің 10-сынып оқушысы Шамитдинов Отабек, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында өнер көрсетуге арналған «Өнерлі өрге жүзер» конкурсында Мақтаарал ауданы, Оспан Бапышев атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Миркамалова Алина «жүзден жүйрік» деп танылып, қараша айында Елордада өтетін «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының республикалық байқауына жолдама алды.

Байқауға қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен дипломдар, оқушыларды байқауға дайындаған жетекшілері басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетсек, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған жалпықазақстандық диктант жазу жазу шарасы өткізіліп, оған Түркістан қаласындағы Р.Исетов және Н.Некрасов атындағы мектептерінің оқушылары қатысқан болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары