ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

126 көрілім

«AMANAT» партиясы Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында аудандарда жаңа мектептердің құрылысы жүзеге асырылуда. Бірқатар білім ғимараттарының құрылысына партиялық бақылаулар жүргізілді.

Солардың бірі Сайрам ауданы Арыс ауылындағы №62 жалпы орта мектебінің жанынан жүргізіліп жатқан қосымша оқу корпусының құрылысы. Партияның Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Әбдіқадыров, құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында арнайы барды. Аталған білім ұясында спортзал, АКТ залы, асхана, шеберханалардың да құрылысы жүргізілу үстінде. Нысанға жауапты мердігер мекеме – «СТРОЙ ЭКСПРЕС РК» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары биыл шілде айында басталып, 2023 жылы аяқталады деп күтілуде.

Дегенмен, мердігер мекеме басшысы құрылысты жалғастырк үшін қаржы толық бөлінбегенін жеткізді. Мән-жайды анықтаған А.Әбдрахманұлы мәселенің шешілуіне ықпал ету мақсатында тиісті басқармаларға хат жолдайтындығын айтты. Сондай-ақ А.Әбдрахманұлы құрылыс сапасы мен жұмысшылардың арнайы киіммен қамтылуына мән беру қажеттігін ескертті. Қазір нысан құрылысында 62 азамат жұмыс істеуде. Олардың басым бөлігі жергілікті тұрғындар.

Ал, Келес ауданында партияның аумақтық филиалы жанынан құрылған бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Ошақты ауылындағы Абай атындағы жалпы орта мектептің қосалқы ғимаратының құрылысымен танысты. Нысанға зерделеу жүргізуге Партиялық бақылау кеңесінің төрағасы Р.Сұлтанов, қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Н.Шаулиев және кеңес мүшелері, тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Қосымша ғимарат 300 орынға шақталған. Бақылау барысында нысан құрылысына жауапты «Авторемстройсервис ЛТД» ЖШС мердігер мекемесінің жұмыстарынан бірқатар кемшіліктер анықталды. Құрылыс жұмыстарының баяу жүруіне байланысты ғимараттың тек 60%-ы ғана аяқталған. Оған қоса, құрылысшылардың жеткіліксіз екендігі де белгілі болды. Кеңес мүшелері жауапты мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын дұрыс үйлестіруді айта келе, алдағы бір айда тағы да бақылау жүргізетіндіктерін ескертті.

Сарыағаш ауданының Бағыс елді мекенінде 300 орындық және Сарыағаш қаласы Самал мөлтекауданында 900 орындық жаңа білім ұялары бой көтеруде. Аталмыш мектептердің құрылысына партиялық бақылау комиссиясының мүшелері С.Рсымбетова, Н.Жолшиев және аудандық білім бөлімі мен құрылыс бөлімнің өкілдері талдау жасады. Қос мектепке де партиялық бақылау бекеті қойылған. Ғимараттардың құрылысына жауапты «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС және «A.S. Investroi» ЖШС мердігер мекемелерінің басшыларының мәлімдеуінше қажетті материалдармен қамтылған. Комиссия мүшелері бақылау жұмыстары барысында құрылыстың уақытылы аяқталуы мен сапасына қатысты бірнеше ұсыныстарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары