ЕРЕН ЕРЛІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАДЫ

623 көрілім

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бейбіт күннің батыры Полиция басқармасының учаскелік полиция бөлімінің инспектор капитаны Ерсұлтанов Олжас Тілеуқабылұлын ерен ерлігі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

“Сіз адам өміріне қатер төнгенде шұғыл шешім қабылдап, асқан батылдық көрсеткен ержүрек азамат ретінде танылдыңыз. Мемлетіміздің ең басты құндылығы – адам өмірі екенін отаншыл жүрегіңізбен сезініп, қауіп құшағында қалған бүлдіршінді жанқиярлықпен құтқарып, ерен ерліктің үлгісін көрсеттіңіз. Замандастарыңызға үлгі боларлық ержүректігіңіз бен өжеттігіңіз үшін сізге алғысымды білдіріп, болашақта өз ісінің білгір маманы, Отанымыздың нағыз патриоты болатыныңызға сенім білдіремін”, – деді қала әкімі.


Естеріңізге сала кетсек, 30-тамыз күні сағат 15:00 шамасында 1 мөлтек ауданында көпқабатты үйден өрт шығып, пәтер ішіндегі 5 жасар қыз бен мүмкіндігі шектеулі ер азаматты тілсіз жаудың жалынына қарамастан шұғыл шешім қабылдап, жедел әрекет етіп тұрғындарды қауіпсіз орынға көшірген болатын.
   
 Азамат ӘЛІБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары