БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

802 көрілім

ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жаңа COVID-19 вирусынан тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында төтенше жағдай жарияланды.
Қазіргі таңда Бәйдібек ауданы әкімдігі тарапынан аудан аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шаралары қабылдануда.

Бәйдібек ауданының халқы арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуын алдын алу мақсатында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылған болатын. Ауданда құрылған жұмысшы топтың мүшелері аудан орталығындағы мейрамхана, монша, дүкендер мен кафелерді, ойын-сауық орындарын аралап, олардың иелеріне төтенше жағдайға байланысты аудан аумағында сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.

Дүкендердің есіктері мен тұтқалары және едендерін кемінде екі рет сүртіп, тазалауды, сөрелердегі кейбір ашық азық-түліктерді арнайы жабындымен орап сатуды, кафелерді түнгі сағат 22.00-ден бастап жабуды, 50 адамнан артық келушілерді қабылдамауды түсіндірді.

Қазіргі таңда аудан орталығында орналасқан екі қоғамдық монша, үш мейрамхана уақытша жабылып, жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, жұмысшы топтың мүшелері 11 ауылдық округіне қарасты 52 елді мекендердегі барлық нысандарды аралап, арнайы дайындалған жадынамаларды таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы