КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ КЕЛЕР КҮНІ АЛЫС ЕМЕС

868 көрілім

Қаламызды толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған нысандарға монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Магистралды газ құбыры 28,4 шақырымның 27,4 шақырымына газ құбыры салынып, 11 дана газ реттегіш жәшігінің 8 данасы орнатылды. Алдағы сәуір айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат тұрғын үй массивінің 4161 абоненті газбен қамтылады. Бұл мақсатта 115,697 шақырым газ құбыры салынып, 2112 газ жәшігі мен әуе электр желілерінен қорғаныш 1210 белгі беру бағаналары орнатылған.

“Шавгар” мөлтек ауданы бойынша 112,531 шақырым газ құбыры салынып , 1920 газ жәшігі орнатылып, бұл аймақта 4424 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ жоба бойынша Иассы мөлтек ауданына қарасты Тұран (Оралман) тұрғын үй массивінің 6195 абоненті газбен қамтылады. Ол бойынша 126,1047 шақырымның 76,444 шақырымына газ құбыры салынды.

Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғындарды және Иассы мөлтек ауданына қарасты Бірлік тұрғын үй массивінің 3036 абоненті табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Қамтамасыз ету мақсатында 113,106 шақырым газ құбырының 95 шақырымы салынды. Және 1736 ГРПШ жәшігі орнатылатын болады.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы