ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ӨТТІ

931 көрілім

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында 17-21 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. Бәйдібек ауданы орталығының спорт кешенінде өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Жарысқа 200-ден аса спортшы қатысты. Ұлттық ойынның чемпионатына Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылары Жақсан Әбілқасым мен Камила Көпбаева қазылық етті.

Сонымен чемпионат қорытындысында ұлттық ойынның классик түрі бойынша бәйдібектік спортшы Жанарыс Акбар бірінші орынды жеңіп алып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Жеңіс тұғырына көтерілгендер жүлдегер атанса, қатысушылардың барлығы марапаттарға ие болды.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы