ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖОБА ҚАЙТА ТАЛҚЫЛАНДЫ

1  569 көрілім

«Түркістан» қалалық газетіне латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқалары талқыланғаны туралы жазған болатынбыз. Жақында сол нұсқалардың арасынан көпшілік қолдаған умлаут жетілдірілген жоба қайта  талқыланды. Қаламыздағы  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткен жиынға Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары, облыс көлеміндегі тілдерді оқыту мен дамыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан  жетілдірілген нұсқа туралы ұсыныстар бойынша ортақ пікірге келу көзделіп отырғанын айтып,  әліпби құрамына қысқаша тоқталып өтті.

Созақ ауданы тілдерді дамыту мен оқыту орталығының директоры Гүлдана Биғондиева ұсынылған «ң» әрпі дұрыс, солай қалғаны дұрыс, кириллдегі «ң» әрпіне ұқсас және адамдардың қабылдауы тез болады. Жазуында сәл өзгеріс болғанымен қолданыстағы ң екені тез аңғарылады деп өз ойын айтса, Түркістан қаласы тілдерді оқыту мен дамыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Дана Ерімбетова «ң» әрпі бревиспен берілсе, оқытуға ыңғайлы болар еді,-деген пікірін ортаға салды.

Тіл саласының мамандары тарапынан латыннегізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге байланысты жаңа әліпби жобасына енгізілген әріптер кеңінен талқыланып, ортақ пікірге ұласқан шешім қабылданды.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары