ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

1  323 көрілім

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі ресми ақпарат ұсынып отыр, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне қатысты пікіріне орай, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтарымыздың денсаулығы ең басты екенін алға тартқан ҚР Президенті әрбір қиындықты #Birge еңсеретінімізді “Twitter” парақшасында жазған.

Осы себепті, Түркістан қаласында Ұлыстың Ұлы күніне жоспарланған барлық шаралар кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз! Уақыты қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар, мектептерде демалыс уақыттары ерте басталып, 16 наурыз және 5 сәуір аралығына ауыстырылды. Ал, студенттер оқу жүйесін онлайн режимде жалғастырады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан қаласында коронавируспен тіркелген азамат жоқ.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы