ТІЛ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ

1  237 көрілім

Жақында ҚР Президентінің латын негізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес талқылау отырысы өтті. Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ғалымдары, филологтар мен тарихшылар, тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен колледж, мектеп мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқалары мен өзге де ұсынылған жобалар талқыланды.

Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан жиында сөйлеген сөзінде: «Елімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің мақұлданған алғашқы нұсқасы жүргізілген сынама жұмыстарының нәтижесінде кейбір әріптерді өзгерту қажеттілігі туындады. Көптеген сыни пікірлер, ұсыныстар әліпбиді реттеуге бағытталып, әліпбиге толықтырулар мен түзетулер енгізу қажет болды. Сонымен, ғалымдардың және көпшіліктің ұсыныстары негізінде әліпбидің жаңа нұсқалары әзірленді» – деп айтып өтті.

Бұдан соң Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нағима Қошанова «Латыннегізді әліпбидің жаңа нұсқасының ерекшеліктері» тақырыбында, қалалық тілдерді дамыту мен оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Дана Ерімбетова «Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқалары» тақырыбында баяндама жасап, жаңа әліпби нұсқаларының жобаларын түсіндірді.

Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Баяндамашылар талдап, сараптап ерекшеліктерін кеңінен түсіндіргеннен кейін қолға да, көзге де ыңғайлы, тартымды нұсқасын таңдауға дауыс берілді.

Ләззат САРЫБАЕВА,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы