Интернет алаяқтарынан сақ бол!

309 көрілім

Құрметті Түркістан облысының қонақтары мен тұрғындары Түркістан облысы полиция Департаменті ескертеді:

Қазіргі уақытта кез келген интернетке шығуы мүмкіндігі бар азамат – интернет алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін және бұл қылмыстың ерекешелігі қашықтықта жасалуы болып отыр. Сіздерден қазіргі заманның қылмыскерлері – интернет алаяқтарға алданбау үшін, әрбір шалынған қоңырауларға мұқият болуларыңызды және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға сенбеуге кеңес беріп, дереу полицияға хабарласуды сұранамыз.

Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

– паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге банк қызметкері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет;

– жарнамадағы ақпаратты мұқият және толық оқып шығу; 

– кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау; 

– тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу; 

– белгісіз адамдарға ақша аудармау; 

– күмәнді шарттар мен мәмілелер жасамау; 

– банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу; 

– өз құжаттарыңызға қолжеткізуді шектеу (жекекуәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;

Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, естеріңізде болсын банк қызметкерлері ешқашан өздері хабарласып, Сіздің жеке есепшот деректері мен ұялы телефоныңызға келген құпия код цифрларын сұрамайды.

Құрметпен Түркістан облысы полиция Департаменті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы