КЕЛЕСТЕ СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

347 көрілім

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Келес ауданына келді. Іссапардың мақсаты – аудандағы спорт саласында атқарылып жатқан шараларды көріп, саланы дамыту мен қолдаулар жайын талқылау болып табылады. Келген делегацияны Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев бастап жүрді.

Алдымен Абай ауылында орналасқан Асан қайғы көшесінің бойынан салынып жатқан заманауи спорт комплексінің құрылысымен танысты. Сонымен қатар облыстық депутаттар аудан орталығындағы орталық алаңның жай-күйін бағамдап, спорт жаттықтырушыларымен кездесті. Кадр тапшылығын жою, балаларды спортқа баулу шаралары, бұқаралық спортты дамыту мен іс-шараларды түрлендіру бағытында сөз қозғалды.

Келес ауданына арнайы келген халық қалаулыларын Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қабылдап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланып, Келес өңіріндегі спорт саласын дамыту бағыты сарапталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы