ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ XVI ҚҰРЫЛТАЙЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

220 көрілім

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағының XVI кезекті құрылтайы басталды. Құрылтайда қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері талқыланып, Одақтың жаңа төрағасы сайланбақ.

Осындай айтулы шараға Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым мен Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан бастаған 20-ға жуық ақын-жазушы қатысып жатыр.

Шараны ҚР Қоғамдық даму және ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі ашып беріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар өмірден озған ақын-жазушыларды еске алды.

Айта кетейік, Жазушылар одағының басшысы әр 5 жыл сайын сайланады. 2018 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы болып белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет сайланған болатын. Ол төрағалық еткен тұста көптеген жас қаламгер Одақ мүшелігіне өтті, Халықаралық әдеби форумдар да ұйымдастырылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы