ТҮРКІСТАН: I ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

345 көрілім

 2023 жылдың 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет«KazAgro/KazFood Turkistan2023» I-ші Халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтті.

Бұл шаһар ғасырлар бойы бүтін бір өркениеттің қайнаған қазаны атанып, озық ойлар мен ұлы ойшылдардың отаны атанды. Қазір де елдің рухани оғұмырындағы маңызы ерекше әрі киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының айрықша құрмет етіп, мақтан тұтар мекені.

Наурыз мерекесі қарсаңында киелі шаһар төрінде өткен көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін таныстыру және өткізу нарықтарын айқындау. Осы көрме аясында қатысушылар іскерлік байланыстар орнатып, бизнес-келісімшарттар жасасты. Бұл іс-шара Наурыз мерекесі қарсаңында жаңару мен өркендеудің символы ретінде өтті.

Көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесін тойлайтын елдер арасында: «Мереке неғұрлым жақсы тойланса, жыл соғұрлым сәтті болады», – деген сенім бар. Сондай-ақ, Наурыз мерекесі аясында этноқалашық, гастрофестиваль, концерттік бағдарламалар, шоулар, спорттық бағдарламалар, ұлттық ойындар, қасиетті орындар мен кесенелерге аралау, шығыс тағамдарының дәмін тату, қолөнер шеберханаларымен танысу сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар жалпы туризм мен агротуризмнің дамуына оңынан ықпал етеді.

Қазіргі Түркістан тарихындағы жаңа маңызды кезең – ол қала мәртебесінің өзгеруі болды, ал түркі әлемінің рухани астанасы дамудың түбегейлі жаңа кезеңіне өтті. Бүгінде Түркістан барлық бағытта үздіксіз дамып келе жатқан болашақ мегаполис.

«KazAgro/KazFood Turkistan2023» көрме-жәрмеңкесінде отандық тауар өндірушілер мен сауда объектілерінің тікелей өзара іс-қимылына бағытталған «Қазақстанда жасалған» (Made in KZ) жалпыұлттық жобасы ұсынылды және жергілікті нарықта заманауи және сапалы отандық өнімді жан-жақты қолдау басты мақсат болып табылады.

Ержан СМАҒҰЛ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы