ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ ЖАСАДЫ

449 көрілім

Түркілер төрі Түркістанда домбыра челленджі ерекше тебіреніспен, тарихи толқыныспен басталды. Аталған жиынның мақсаты –  балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және ұлттық өнерімізді дәріптеу һәм мәдени мұраларымызды насихаттау.

Әз-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған челленджге Түркістан қалалық “Саз мектебінің” оқушылары белсене атсалысты. “Гүлдер саябағында” тікелей эфирде ұлттық болмысымызды танытатын “Сарыарқа”, “Балбырауын” күйлерін 300 оқушы бір мезгілде орындап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтады.

Сондай-ақ, “Күй күмбірі” атты музыкалық челлендж “Ақжайық” музыка мектебінде жалғасты. Күй атасы Құрманғазының “Балбырауын” күйін 22 оқушы бір сәтте орындап, мәртебелі мерекенің мазмұнын арттырды.

Домбыра челленджі – бір мезгілде еліміздің барлық білім беру орындарында мереке мәнін арттырып, жастар бойында өзінің Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға жол ашатын, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын оятатын кең ауқымды мерекелік тарту.

Домбыра челленджі республикада алғаш рет өткен еліміздің мәдени өміріндегі бірегей оқиға.

Азамат ӘЛІБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы