12 ҚАҢТАРДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

222 көрілім

Түнде Алматы, Түркістан облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында және Жетісу облысында өте қатты 30-33 градус аяз болады, Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында 40 градус аяз, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-24 градус қатты аяз көрсетілген. Жамбыл облысында 30-33 градус дейін аяз болады, 12 қаңтарда Казгидромет ауа райы қандай болатынын жариялады – деп хабарлайды http://yassy-tur.kz/

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі арктикалық антициклон әсер ететіндіктен жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, қарлы боран соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысында тұман түсетіні көрсетілген.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -27-29, күндіз -17-19 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -15-17 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12 градус болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы