СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЙТУЛЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

167 көрілім

Сот шешімін түсіндіру халқымыздың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған және жеңіліп қалған тарапқа психологиялық жәрдем көрсету десекте болады. Себебі, барлық тараптар бойынша заңгерлер, адвокаттар қатыса бермейді. Қарапайым халық, заңды білмеген соң, өзінікін дұрыс деп сот шешімімен келіспей, кейбір жағдайларды мүлдем түсінбей, сотқа деген ренішпен кетіп жатады. Осындай келеңсіздік тудырмау үшін, сот қабылдаған шешімнің мәнін, мағынасын, салдарын, заңды күшін, орындау міндеттілігін, әр істің санаттылығына байланысты нақты түсіндіру қажет. Мұндай түсінбеушілік жағдайлар Түркістан қаласы тұрғындары арасында да кездестіруге болады. Сол секілді олқылықтарды толдыру үшін Мемлекет басшысы сот жүйесіне оң өзгерістер енгізу қажеттігін атап өткен болатын. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан екі жыл бұ­рын өзінің ант беру рәсімінде айт­қандай, сабақтастықты сақтай оты­рып, Елбасының бастамаларын одан әрі дамытып, іске асырып келеді. Бұ­ған бар білімім мен күш-жіге­рім­д­і сот жүйесіне арнаған кәсіби заң­­гер ретінде көз жеткізіп келемін.

Заңгерлік тәжірибемізді отс­тав­каға шыққаннан кейін де мүм­кін­дігінше пайдаланып, жас заң­гер­лерге ақыл-кеңес беріп, сот жүйесіндегі бастамаларға үн қосып отыруды жөн көрдік. Осы мақсат­та Жоғарғы Соттың отставкадағы судья­­лары­ның бастамасымен «Қа­зақ­­стан Рес­публикасы Жоғар­ғы Сотының отставкадағы судья­лары» қоғам­дық бірлестігін құ­рып, жұмыс істеп жүрміз. Бұл – ком­­мер­ция­лық емес дербес ұйым.

Біз азаматтарды және заңды тұл­­­ғаларды қабылдап, сұрақ­тары­­на жауап береміз, олардың ара­­ларын­­да туындаған дауларды ар­бит­раж, медиация арқылы шешу мүм­­­кіндіктерін қа­рас­тыра­мыз. Осы­­лайша, сот­тар­ға түсірі­летін арыз­­дар мен ша­ғым­­­дарды азай­тып, сот­тардың жұ­­мыс­тарын же­ңіл­­детуге ұмты­ламыз. Соны­мен қатар сот жүйе­сін да­мыту үшін бас­­қа да жолдар мен әдісте­ме­лер­ді іздес­тіре­міз. Судья­лардың әлеу­­меттік мәселе­лерін шешу мүм­­кін­діктерін де қа­рас­­тырамыз. Мә­се­лен, өзімізді тол­ған­дырып жүр­ген өткір мәсе­ле­лер мен сот жү­йе­сіне, қоғамда заң­ды­лық­ты сақ­тау, пандемия ке­зе­ңін­дегі қар­жы-қаражат сая­сатына қатыс­ты ұсыныс-пікірлерді біл­діріп, Мемлекет басшысына арнайы хат жолдадық.

Мемлекет басшысы қолдау білдіріп қол қойған жаңа заңдарға келсек, өткен жылы 10 маусымда Азаматтық процестік кодекске түзетулер енгізілді. Егер бұрын судьяның азаматтық процестегі рөлі шектеулі болып келсе, енді ол өзгерді. Судьяның процестегі бел­сенділігі артты, жауапкершілігі күшейді. Судьяны талап-арыз қыс­пағынан шығармайтын шек­теу­лер келмеске кетті. Судья істің шынайы мән-жайын анық­тау үшін қо­сым­ша дәлелдемелер­ді сұратуға құ­қы­лы. Өз бетінше ақи­қатқа көз жет­кізуге ұмтылып, процесс барысында тараптардың уәждеріне қатысты өз ойын батыл айта алады. Ол үшін заң қажетті өкілеттік беріп отыр.

2020 жылғы 29 маусымда қол қойылған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес сотқа талап-арыз берген адам емес, ке­рі­­сінше, мемлекеттік орган өз ше­­шімін не әрекетін түсінді­ріп, не­гіздеп, дәлелдеп беруге мін­детті. Міне, осы заң 2021 жылғы 1 шіл­деден бастап күшіне енеді. Бұ­ған дейін сот жүйесінде азамат­тар тарапынан мемлекеттік органдарға қарсы талап бойынша талапкер өз шағымын дәлелдеуге міндетті болды. Судья процесте тыңдайтын. Мемлекеттік органдардың сот шешімдерін орындауы, шыны керек, нашар жүргізілетін. Енді заң бойынша 1 шілдеден бастап мемлекеттік органның кінәлілік презумпция­сы күшіне енеді, бұл дегеніңіз, мемлекеттік органдар өз уәждерін дәлелдеуі тиіс. Судья та­лап­кердің мүддесі үшін белсен­ді­лік көр­сетуге құқылы. Сондай-ақ судья шешімнің орындалуын ба­­қы­­лайды әрі орындамағаны үшін мемлекеттік органның бас­шы­­сы­на айыппұл салуға да құқы бар.

Президент тапсырмасымен судьялар арасындағы сыбайлас жем­қорлыққа қарсы пәрменді шара­лар жүріп жатыр. Оны қоғам сезіне бастады. Соңғы уақыт­та судьялардың парамен ұсталу фак­ті­лерінің орын алуы осыны айғақ­тайды. Осы арада бұл мәселені қо­ғамға судья көзқарасымен тү­сін­діріп өткім келеді. Өйткені оның «сырын» былайғы жұрт көп бай­қай бермейді. «Судья парамен ұс­тал­ды» десе болды, жерден жеті қоян тапқандай, Жоғарғы Сот бас­­шылығын, не жалпы судья­лар қауымын қаралап жатады. Шын мә­нінде солай ма? Жоқ, мүл­де олай емес.  

Біріншіден, сот – классикалық стильдегі мемлекеттік орган емес. Шешімді судья­ның өзі дайындайды және өзі шығарады. Осы орайда оның кеше ғана судья болғаны немесе 20 жыл­дық жұмыс өтілінің бар-жоқ­тығы маңызды емес. Айта­лық, шенеуніктің қатесін тез ара­да, айғай-шусыз түзетуге бола­ды және бұл туралы сырттан біреу­лер­дің, яғни көпшіліктің білуі екі­та­лай. Ал судьяның қателігін жоғары тұрған орган ғана түзетуге құ­қылы. Мұның өзі әрдайым ашық жағдайда өтеді және бірден іске ас­пайды. Оған кем дегенде бір айдан астам уақыт өтеді. Яғни ше­неунік пен судьяның қате­лік­терінің салдары – жер мен көктей. Екіншіден, соттар кадр мәселелерінен шеттетілген. Сот кадр­ларын іріктеумен сот төр­аға­лары емес, мүлдем басқа орган – Жоғары сот Кеңесі айналысады. Кеңес жұмыстан босату немесе жаза беру мәселелерін де шешеді.

Ал судьяның пара алуының се­бебіне үңілсек, бұл судьялық кадр­лар сапасына тікелей байланыс­ты ма деп ойлаймын. Мысалы, 2018 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 230-дан аса жаңа судья қабылданған. Осыған байланыс­ты 2014 жылы бұрын-соңды бол­ма­ған жағдай орын алып, 750 кан­ди­даттың 500-і бірден судья атанды. Бұл әр үш үміткердің екеуі судья мантиясын киді деген сөз. Ал енді қараңыз: осы 500 судьяның 103-і түрлі негіздер бойынша лауазымдарынан босатылды. Олардың ішінде 19-ы тәртіптік жазаға тар­тылды. Ал 10 судья сыбайлас жем­қорлық үшін қылмыстық қудалау объектісіне айналды.

Елбасы мен Мемлекет басшы­сы­ның Жоғарғы соттың басшы­лы­­ғ­ына берген нақты бағыт-бағ­­дарынан кейін судьялыққа білікті мамандарды тартуға жол ашылды. Жаңа HR сүзгілері «кез­дей­соқ» және кәсіби деңгейі т­өмен заң­герлердің сотқа келуі­не тос­қауыл қойды. 2018 жылдан бас­тап жы­лына 50-ге жуық үміт­кер судья лауазымына таға­йын­далу­­да. Енді судьялыққа үміт­кер­­­лер­ді мұқият тексеруге әрі зерт­­­теуге мүмкіндік бар. Мұны цифр­­­лар­дың өзі дәлелдеп береті­нін бай­қау­ға болады. Егер 2018 жыл­ға де­йін­гі 5 жылды алып қара­сақ, 100 кан­ди­даттың 25-і судья болға­нын аң­ға­рамыз. Қазір әр 100 үміт­кер­дің ішінен судьялыққа өтетін адам­­дар­­дың саны әрі кетсе 6-дан аспайды.

Осы уақыт ішінде 300-ге жуық бос жұмыс орны пайда бол­ды. Әрбір 4-ші аудандық сотта төраға жоқ. Мұның себебі тілек біл­діру­шілердің жоқтығында емес. Олар­дың қатары жеткілікті. Мәселе – кандидаттардың Жоғары Сот Кеңесінің жаңа талаптарына сәйкес келмей отыр­ғанында. Екінші ма­ңыз­ды мәсе­ле, менің ойымша, қазір­­гі жағ­дайдың ерек­шелігі. Бү­­г­інгі таңда судья­лар­дың кәсіби жа­­рам­­дылы­ғын бағалаудың жаңа көп сатылы жүйесі енгізілді. Жүйе қазір­дің өзінде халықаралық сарап­шылар тарапынан оң пікірге ие бол­ды. 2019 жылдан бастап 600-ге жуық судьяның атқарған қызметі осы­­лай бағалануда. Олардың 10%-ы судья­лыққа өтпеді, не кәсіби жа­рам­­дылығы үшін жұмыстан шы­ға­рылды, не жүктемесі аз учас­ке­лерге ауыстырылды. Бұрын бір­неше жыл ішінде 1600 судья­ның ішінен 15 судья ғана қанағатта­нар­лық­сыз баға алған, яғни 1%-дан да аз.

Сот жүйесіндегі жаңғырудың тағы бір көрінісі – қазір ақтау үкім­дері көптеп шығарылуда. Мұ­ның себебі неде? Жоғарғы Сот 2015 жылдан бастап 2017 жыл қоса қамтылған кезеңде Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің істері бойынша қа­мауға алынған адамдардың бірде-бірінің ақталмағанын жа­рия­лады. Ал соңғы 3 жылда қа­мауда отырған 36 адам ақтал­ды. Ауыр және аса ауыр қыл­мыс­тар бойынша ақталған адам­дар­дың саны 8 есе өсті (2015-2017 жыл­дардағы 60 адамнан 2018-2020 жылдарда 480 адамға дейін). Соттар тергеуге қарсы шағым­дарды жиі қанағаттандыра бас­тады. Күдіктілерді қамауға санк­ция беруден екі есе жиі бас тарты­лады. Айта кету керек, 2018-2020 жылдары сыбайлас жемқор­лық үшін прокуратураның 23 қыз­мет­кері, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызметтің 10 қызметкері жә­не басқа да құқық қорғау орган­дары­ның 930-дан астам адамы сотталды. Бұл деректер Жоғарғы сот та­ра­пы­нан біраз жұмыс істеліп жат­қа­нын көрсетеді.

Кейде әлеуметтік желі­де «заң­сыз әрекетімен көзге түс­кен немесе әді­летсіз шешім қабыл­даған судья­лар неге жұмыстан шығарыл­май­ды?» деген сауал айтылып қалады.

Жұмыстан шығарылғанда қандай! 2019 жылдан бастап 83 судья теріс себептер бойынша жұ­­­мыстан босатылды немесе қыз­­­метінен төмендетілді. Бұл аз емес. Бұрынғыдан 4 есе көп. Мә­се­л­ен, мас күйінде жол апатын жа­са­ған Батыс Қазақстан облысы аудан­дық соттар төрағасының бірі қыз­меті­нен босатылды. Немесе әлеу­мет­тік желілерде Алматы облысы аудан­дық соты төрағасының каран­тин­дік шектеулер кезінде мон­шаға түсіп жатқаны туралы бей­не­көрініс болғаны белгілі. Ол да жұмыстан шығарылды. Қазір­гі таң­да Қарағанды облыстық соты­­ның 3 судьясына қатысты мате­риал­­­дар Жоғары сот Кеңесіне жіберілді.

Судья әдебі кодексін бұзғаны үшін судьяны жұмыстан шы­ғару рәсімі өте ұзақ уақытты ала­ды. Бұл үшін алдымен Судья әдебі жөнін­дегі комиссия, содан кейін Судья­лар одағының Орталық кеңесі, одан соң Жоғары сот Кеңесі жа­­нын­­дағы Сот жюриі, содан ке­­йін ғана Жоғары сот Кеңесі­нің өзі қо­рытынды беруге тиіс. Оның ұсы­нуы бойынша түп­кілікті шешімді Пре­зи­дент қабыл­дайды. Бұл процесс көбінесе ұзақ уақытқа созылады.

Қоғам, егер шаралар дереу қа­был­­данбаса, олар мүлдем қа­был­дан­­байды деп санайды. Шын мә­нін­де олай емес, әр нәрсе­нің өз мер­зімі, өз реті бар. Сон­дық­тан сот­­­­­тар­дың жұмысына қатыс­ты мә­­се­леге асы­­ғыс­­тықпен емес, түсі­­ніс­тікпен қара­­ғанымыз абзал. «Асыққан – шай­­тан­ның ісі» еке­нін әркім білсе керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы