ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭКСПОРТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ ӨТТІ

736 көрілім

Түркістан облысы Инвестиция тарту және экспортты дамыту «Turkistan Invest» өңірлік агентігінің ұйымдастыруымен «ӨҢІРЛІК ЭКСПОРТАУШЫЛАР КЕҢЕСІ» өтті.Кеңеске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекциясы, сонымен қатар, облыстағы бірнеше ірі инвестициялық жобалардың ресми өкілдері қатысты.

Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында 428,8 млн. АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5% – ға жоғары (418,3 млн. АҚШ).Осы кезеңде Түркістан облысынан экспорт 16,4% – ға өсіп, 264,2 млн. АҚШ. құрады.Шикізаттық емес экспорттың оң серпініне ІҚМ етін жеткізудің 12,84 млн. АҚШ долларына немесе 309,4% – ға, қой еті 5,36 млн. АҚШ долларына немесе 788,2% – ға, өзге де балықтың жон еті 1,23 млн. АҚШ долл. немесе 96,1%, трансформаторлар 1,01 млн. АҚШ долл.немесе 23,5% – ға, бидай ұны 0,56 млн. АҚШ доллары немесе 14,7%ға жеткен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы