БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

441 көрілім

1-ші маусымда әлем жұртшылығы Балаларды қорғау күнін атап өтеді. Ол күні саябақтар мен балалар алаңдары барынша жеңілдікпен қызықты етіп іс-шаралар өткізеді. Бірақ, осы халықаралық мерекенің қайдан, қалай шыққанын көп адам біле бермейді.

Күллі әлем балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл бізге ел болашағы – өскелең ұрпақ қолында екенін тағы бір мәрте еске салады. Осы орайда балаларды қорғау күні күнтізбеде қалай пайда болды және бұл атаулы күн туралы ел біле бермейтін қандай деректер бар деген заңды сауал туындайды. Бүгінгі материалда осы жөнінде кеңінен тарқатып жазатын боламыз. Балаларды қорғау күні қашан және қалай пайда болды?

Ересектер әлеміндегі бітпейтін жанжалдар мен соғыстан көп жағдайда балалар жапа шегеді. ХХ ғасырдағы әрбір дүниежүзілік соғыстан кейін, көптеген бала алаңсыз балалық шағынан айырылып, үй-күйсіз, далада қаңғып, жетімдіктің ауыр азабын тартты.

Сол себепті бүкіл адамзат қауымы алдында осындай қиындықтарды шешу мәселесі тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1925 жылы Женевада арнайы Дүниежүзілік конференция шақырылды. Онда қаралған басты мәселе – соғыстан жапа шеккен балалардың тағдырына жауапкершілік алып, олардың әл-ауқатын көтеру мәселесі болды. Осы шақырылымнан кейін бірнеше жылдан соң өзінің жүз жылдық мерейтойын атап өтетін халықаралық балаларды қорғау күні бастау алды. Халықаралық балаларды қорғау күні күнтізбеде маусымның 1-і күні ретінде бекітілген.

Бұл күнді таңдауға екі тарихи оқиға себеп болған: 1925 жылы Женева конференциясының өтуі. Сан-Францискода Қытайдың бас консулының жетім балаларға арнап айдаһар-кемелер мерекесін өткізуі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күллі әлемге соғыстан кейінгі балалық мәселесін шешуге тура келді. 1949 жылдың күзінде Халықаралық әйелдер демократиялық қауымдастығының конференциясы өтті. Онда балалардың бақытты болуының басты себебі тек әлемнің тұрақтылығында деген ой айтылды.

Осылайша аталған конференцияда Балаларды қорғау күні ресми түрде бекітілді. Бұл шешімді сол жылдары енді құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы да (БҰҰ) қолдады. Бұған қоса БҰҰ балалар құқығын қорғау мекеменің басты бағыттарының бірі болатынын мәлімдеді. 1950 жылдары ондаған елде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіле бастады.

1959 жылы декларация қабылданды. Онда балалардың өмір сүруі, оларды зорлық-зомбылықтан қорғау, мемлекет тарапынан олардың болашағының жарқын болуына атсалысу сынды қаулылар құжат жүзінде бекітілді. Декларация қабылданғаннан кейін 20 жыл өткен соң 1979 жыл – Халықаралық балалар жылы деп жарияланды. Тағы бір онжылдықтардан кейін, 1989 жылы балалар құқығы туралы конвенция қабылданды. Бұл құжаттың мәртебесі жоғары: ол декларациямен салыстырғанда, халықаралық құжат ретінде қарастырылды әрі ол өскелең ұрпақтың мүддесін қорғап, олардың құқықтарының қорғалуының кепілі ретінде бекітілді. Бұл кепілдіктің барлығын әлемнің көптеген елі мен БҰҰ-на мүше елдер қабылдады. 1946 жылы БҰҰ жанында балаларға көмек көрсетуге арналған арнайы ұйым – ЮНИСЕФ құрылды.

Ол түрлі елдердің үкіметі мен жеке тұлғалардан қайырымдылық қаражатын жинайды. Аталған қаржының барлығы балалар мәселесін шешуді көздейтін әлем бойынша арнайы қызмет жұмысын құру және оны жүзеге асыру ісіне жұмсалады. Ұйымның негізгі мақсаттары: Балалардың өмірін жақсартуға оңтайлы жағдай жасау әрі оларға өмірдің түрлі қиын жағдайларында көмектесу. Балалардың өмірі мен денсаулығын күту – вакцина салу және алғашқы көмек көрсету. Дамуы артта қалған елдердің балаларына оқу ұйымдастыру, оларға оқу материалдарын ұсыну. Халықаралық балаларды қорғау күні не үшін қажет деген сұраққа келер болсақ, бұл мереке ересектерге балалар әлемі нәзік екенін, оларға үнемі қолдау мен қорғау қажет екенін еске салады.

Атаулы күн күллі адамзат баласын жасөспірірімдер мәселесіне бей-жай қарамай, мемлекеттік деңгейде олардың шешілуіне кепілдік бере алу керектігін айғақтайды. Бұл күні барлық балалар мерекесі мен отбасы мерекесін естен кетпестей етіп өткізуге тырысады.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы