ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР – ЗАМАН ТАЛАБЫ

95 көрілім

Таяуда, дәлірек айтсақ маусымның 5 күні референдум өтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына біраз өзгерістер енгізілмек. Яғни, Ата Заңның үштен бір бөлігі өзгертілмек.

Бұл бүгінгі заман талабына сай жүзеге асырылмақ. Себебі, Жаңа Қазақстан құруды мақсат тұтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі мәлімдемелері мен жолдауларында да бұл жайлы жиі тоқталып жүр.

Рас, зайырлы, құқықтық мемлекетте барлық мәселе заң аясында шешіледі. Күнделікті кездесетін ұсақ-түйек мәселелерден бастап, күрмеуі қиын күрделі проблемаларға дейін Конституцияны негізге ала отырып түйінін тарқатуға болады. Егер Ата Заңда айбар болмаса, ол бәрінен алда жүрмесе, биік тұрмаса, онда ел ішінде тәртіпсіздік көбейіп, келеңсіз жағдайлар көбейіп кетеді. Сол үшін қабылданатын заң өте байсалды, жан-жақты зерттелген, барынша қамтылған болғаны жөн. Оны жасайтын да өзіміз. Яғни, референдум арқылы әркім өз пікірін айтуға, ой-ұсынысын білдіруге құқылы. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, барынша белсенді болайық!

Жүнісбекова Жанат Мансұрханқызы Құқықтану магистры, “ОҚО талдау және болжау орталығы” қоғамдық бірлестігінің сарапшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары