ТӨЛҚҰЖАТ МҰҚАБАСЫНА ЖАСЫРЫЛҒАН ЧИП НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

510 көрілім

Әлеуметтік желіде чип жасырылып, жабыстырылған төлқұжат бейнежазбасы желдей есті. Бұл көпшілікке күмән тудырған болатын. Шетел асқан қазақстандықтардың жүріс-тұрысын бақылауға арналған деген ақпарат тарады. Видеода тұрғын паспорттың мұқабасына жабыстырылған парақты ашып, ішінде орналасқан чипті көрсеткен. Олар «Міне көрдіңіздер ме чипті. Қазақтар бақылауда жүр. Шетелге шықса бақылап отырады», дейді бейнежазбада. Желідегі қолданушылар мұны ел тұрғындарының құқығын шектеу деп қызу талқыға салды.

Алайда бұған қатысты министрліктегілер Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылатындығын жеткізді. Олардың айтуынша мұндай электронды төлқұжат бірқатар елдерде бар.
«Чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», — деді министрліктің өкілі.

Түркістан-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы