КЕНТАУДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

694 көрілім

Кентауда тұңғыш рет «Ынтымақ» алаңында Кентау қаласының әкімі Р.Аюповтың қолдауымен, қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас аналардың көрме-жәрмекесі өтті. Жас іскер, кәсіпкер аналарға қолдау көрсету, олардың өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкесіне қала әкімінің орынбасары А.Байболова және халық қалаулылары қатысты.

Алдымен, қойылған көрмені, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін тамашалады. Жергілікті халық жас кәсіпкер аналардың жәрмеңкеге қойған бұйымдарын жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көрме-жәрмеңкеге келген қолөнер шеберлерін А.Байболова қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы