ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ҚОС ДОДА

683 көрілім

Биыл елімізде «Балалар жылы». Осыған орай әрі «Жеңіс» мерекесінің 77 жылдығы аясында қаламыздағы Ө.Жәнібеков атындағы №27 ІТ-мектеп-лицейінде оқушылар арасында дәстүрімізді дәріптеуді мақсат еткен қос сайыс өтті.

Түркістан қалалық білім бөлімінің қолдауымен және «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен өткен жыр додасын айтыскер ақын, «Өнер» мектебінің директоры Тұрар Тлеулиев жүргізді.

Атап өтейік, «Жеңіс туы желбіре!» байқауында қалам тербеген жас жазба ақындар өз ара бақ сынасса, «Дәстүрлі ән-терме қазынам» атты дәстүрлі әншілер мен термешілер сайысында қолына қос ішекті домбыра ұстаған оқушылар ән мен терме айтудан өнер жарыстырды.

Ұлтымыздың мәдениетін ұлықтайтын шараға айтыскер ақын, «алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, «Түркістан» газетінің директоры Мәлік Дәулетов және қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев қазылық етті. Байқау соңында жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы