ӨЛТІРУГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР ҰСТАЛДЫ

1  268 көрілім

Белгілі журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік пен оның сыбайластары ұсталды. Осы жылдың 3 қаңтарында Сарыағаш ауданындағы белгілі журналистің үйіне шабуыл жасалып, оның баласы жарақат алғаны туралы ақпарат тараған-тын. Сол күні полиция өкілдері ҚР ҚК 24-99-баптары «адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сарыағаш ауданындағы қылмыс орнына Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының жедел қызмет жөніндегі орынбасары Құрманбек Сахов бастаған криминалдық полицияның кәсіби қызметкерлері мен тергеушілер тобы жіберілген.

Жедел-іздестіру барысында осы оқиғаға қатысы бар, Шымкент қаласының екі жас тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ, олардан 16 калибрлі патрондар алынды. Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі, яғни шенеуніктің осы қылмысқа тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 000 000 теңгеге бағалаған.

Қазір тергеу тобы тиісті тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы