МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

1  302 көрілім

Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте ауданның эпидемиологиялық жағдайы, ревакцинациялау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауылшаруашылық салалары бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Алдымен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т.Арымбаев жыл басынан бері коронавирустық инфекциямен аурушаңдық күрт жоғарылағандығын баяндады. Мобильді топтардың рейдтік шараларында шектеу шараларын бұзу бойынша үстіміздегі жылы 9 азаматқа айыппұл салынды. Сонымен қатар, аудандағы кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» жобасына енгенімен іс жүзінде онымен жұмыс жүргізбейтіндігі анықталғандықтан, аудан басшысы алдағы уақытта мобильді топтың жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Д.Тайрахунов азаматтарды ревакцинациялау жұмыстары нәтижесінде 6720 азаматқа вакцина салынғандығын мәлімдеді. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын таза ауыз сумен, табиғи газбен қамту салаларында ілгерілеушілік бар. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда Әлімтау, Бостандық, Жаңатұрмыс елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабулов баяндады.Сонымен қатар, ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов көктемгі дала жұмыстарының барысы және жылына екі-үш өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Аудан басшысы сала басшысына биылғы жылы да қуаңшылық болуы мүмкіндігін айта отырып, жем жөп жинау мәселесіне алдын ала дайындалуды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы