ШЕШІМІН ТАБУЫ КЕРЕК БОЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ЖЕТЕРЛІК

1  275 көрілім

ШАЛҒАЙ ДЕМЕСЕҢІЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ОРТАЛЫҚПЕН ҚАТАР ДАМУДА, ДЕГЕНМЕН ШЕШІМІН ТАБУЫ КЕРЕК БОЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ЖЕТЕРЛІК

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығынан шалғай орналасқан Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінде болып, ауыл билері және ақсақалдарымен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаевпен тиісті сала басшыларын қасына алған аудан басшысы алдымен Жамбыл ауылдық округінде болды. Кездесу ашық диалог ретінде өтіп, ауыл әкімі Талғат Байдуалов ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Ауыл әкімінің сөзінше Жамбыл ауылдық округінің орталығын ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталып, ел игілігіне тапсырылуға дайын тұр. Сонымен қатар, 4 елді мекенге ұялы байланыс антеннасы орнатылғанын айтып, осы жұмыстардың орындалуында аудан әкімінің септігі үшін ауыл халқы алғыс білдіріп жатқанын жеткізді. Кездесу барысында ақсақалдар жайылым жер мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Аудан басшысы өз сөзінде ағымдағы жылы жер алу үшін конкурстың талаптарына өзгеріс еніп жатқанын, нақтырақ тоқталсақ ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу үшін конкурста жергілікті шаруаларға басымдық берілетінін айтып, мәселені шешу жолында бірлесе жұмыс атқаруға уағдыласты. Сонымен қатар, медициналық пунктпен ауылдық округінің орталығында орналасқан Абай мектебінің жылу жүйесін жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды атқаруға тиісті сала басшысы мен ауыл әкіміне тапсырма берді. Бозай ауылдық округінде болған Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауыл билерімен кездесті. Кездесуде сөз болған басты мәселе – жайылым жер төңірегінде әңгіме өрбіді. Ауыл билерінің айтуынша кей шаруалар мемлекеттен жалға алған жайылым жерлеріне өз ауылдастарының малдарын жайғызбай, дау туындап жатыр екен. «Шалғай демесеңіз аулымыз әсте-әсте өркениетті ауылдардың қатарына қосылып келеді. Жолдар жөнделіп, электр бағаналары жаңарды. Ауыз суда бар. Осы ауылдың ынтымағына сызат түсіріп отырған жайылым жер мәселесі. Осы мәселені сіз бен біз болып шешу жолын қарастыруды сұраймыз. Себебі ағайын адам соңғы кезде жайылым жер үшін бір-бірімен амандаспайтын халге жетуде. Бұл жағдай біз қариялар үшінде оңай емес» – дейді ауыл биі Анарбай Абдиров. Өз кезегінде аудан әкімі көтерілген мәселенің өте өзектілігін айтып, аудан әкімінің орынбасарына прокуратура, облыстық тиісті инспекция және аудандық жер саласына қатысты мекемелермен бірлесе елді мекендерді аралап, жерді қалай пайдалану керектігі жөнінде кездесулер ұйымдастыруды тапсырды. Берілген тапсырмаларды өз бақылауында ұстайтынын жеткізді. Қос кездесудің соңында жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдап, көтерілген мәселелер шешімін тапты.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы