ШИПАЖАЙЛАР АУРУҒА ЕМ, САУҒА ҚУАТ ДАРЫТЫП КЕЛЕДІ

1  412 көрілім

Сарығаш — шипалы өңір ретінде күллі Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танылған аймақ.

Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекетіміздің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі десек, саламатты қоғам қалыптастыруда және дені сау ұрпақ өсіруде шипажайлардың алар орны ерекше. Адам денсаулығын жақсартуда шипажайлардың қасиеті мол, дертке шипа қасиеті бар суының айрықша маңызы бар. Сарыағаш ауданындағы шипажайлардың шипалы суын алыстан іздеп келушілер саны күн сайын артуда.Шипажайға деген халық сұранысының көп болуына байланысты 2021 жылы «Керуен», «Таң нұры» және «Келес арасан» шипайжайларының құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Шипажайлар заманауи құралдармен жабдықталған, барлық талапқа сай. Осы шипажайлардың ашылуы негізінде жергілікті тұрғындардың жұмыс мәселесі шешіліп, тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда ауданда минералдық және термалдық суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі жолға қойылған. Сарыағаш ауданына өткен жылы 112 мыңға жуық турист келген. Оларға 53 емдік-сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 22 қонақүй қызмет көрсетті. Сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 нысан іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы