СКРИНИНГТЕН ӨТІП,ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

413 көрілім

Қатерлі ісіктен қорғанудың дұрыс әдісі – скринингтік тексеруден өту. Осыны ескерген Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жанындағы онкологиялық емхана мамандары Ашық есік күнін өткізіп, жатыр мойны ісігі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың айтуынша жатыр мойны обыры – бұл 40 пен 60 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі. Бірақ, соңғы жылдары жас қыздардың да осы дертке шалдығу деректері көбейіп жатқан көрінеді. Аурудың алғашқы белгілеріне мән бермеген әйелдер қауымы емделуге тым кеш жүгініп жатады дейді мамандар.

Елімізде, сүт безінің қатерлі ісігі таралуы жағынан бірінші орында тұрса, одан кейінгі кезекте жоғарыда атап өткен жатыр мойын обыры тұр. Бұл қатерлі дерттің асқынуына көп жағдайда, әлсіреген иммундық жүйе, темекі шегу, қайталанатын түсік, ерте жыныстық өмір әсер етеді екен. Сондықтан дәрігерлер ауруды ерте кезеңде анықтап, емдей алуы үшін скринингтік тексерулерден уақтылы өтуге шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы