ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТУДА

664 көрілім


Өткен жылы Түркістан облысы,  Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 

Аудан әкімі Нұрлан Байғұттың тұрғындар алдында есеп беру кезінде халық тарапынан жастардың заман талаптарына сай демалатын орындарының жоқ екендігі жөнінде мәселелер көптеп көтерілген болатын. Есеп беру кезінде көтерілген бұл мәселе аудан әкімінің назарынан тыс қалмай,  аудан орталығынан «Менің Түлкібасым» демалыс орыны бой көтерді. 

Сондай-ақ, «Тұнғыш Президент» және «Орталық» саябағының аумағы толығымен күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Демалыс орындарына субұрқақтар, балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орналастырылды. Түнгі уақытта демалыс орындарының бейнесін айшықтай түсетін түрлі композициядағы жарық шамдары орнатылды.

Алдағы уақытта осындай  балалар ойын алаңшасы мен стрит воркауттар облысымыздағы Түлкібас және Састөбе кентінде бой көтереді деп жоспарлануда. 


Сонымен қатар, өңірдің мақтанышы Жабағы ауылының кіре берісіне және Т.Рысқұлов ауылының шығыс қақпасына ауыл атауы жазылған аркалар бой көтеріп, ауыл көркін аша түсті.

Бұдан бөлек, дүние жүзін жайлаған індетпен күресте ақ халатты абзал жандарға тағзым көрсету мақсатында аудан орталығынан  «Дәрігерлер аллеясы» ашылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы