Құрметті Түркістан облысының 6 сынып оқушылары!

1  744 көрілім


Сіздерді Назарбаев Зияткерлік мектебіне зияткер оқушы болуға шақырамыз!

Зияткерлік білім ордасы әлемнің үздік университеттеріне  түсуге , сондай-ақ оқушының әр түрлі

салаларды толық зерттеуін және түсінуін қамтамасыз етеді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды тапсырады:

Конкурсқа қатысу үшін өтініш;

* Сауалнама:

Сауалнама алдын ала толтырылады және қабылдау комиссиясына басқа құжаттармен бірге ұсынылады

* Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖCH-і, бар болған жағдайда жеке

бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

* Үміткердің 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

* Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Көрсетілген барлық құжаттар қазақ бөліміндегі сыныптарға көк, орыс бөліміндегі сыныптарға қызыл пластикалық тезтікпеге(скоросшиватель) салынады.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін;
Сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз.

Брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты trk.nis.edu.kz сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен көруге болады.

Құжат қабылдау мекен-жайы:  Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылыс нысаны.

Байланыс телефоны: +7 702  066 33 77

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы