ГОЛОВКИН МЕН МУРАТА АРАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ СӘУІРДЕ ӨТУІ МҮМКІН

429 көрілім

Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірде өтуі мүмкін. Бұл жөнінде жапон боксшысының промоутері Акихико Хонда мәлімдеді.

«Головкин тарапы біздің елдегі жағдайды түсінеді. Бірақ үмітті үзбейміз. Бұл жекпе-жектің сәуірде ұйымдастырылғанын қалаймын» деді Хонда.

Қос мықты арасындағы айқас желтоқсанда өтуі керек еді. Алайда Жапонияда карантиндік талаптар күшейіп, кеш кейінге қалдырылды.

Алдағы кездесуде 3 бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынады. Яғни Генадий Головкин қазір орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем үздігі.

Ал Рета Мурата WBA Super белдігінің иегері. Головкин бүгінге дейін 43 кездесу өткізіп, 41-інде жеңіске жетті. Ал, Муратаның көрсеткіші 18 жекпе-жек, 16 жеңіс.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары