Бүгін Президент Мәжіліс отырысына қатысады

1  036 көрілім

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды», делінген хабарламада.

Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы