ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1  018 көрілім

Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы бірқатар ілкімді істердің ұйытқысы болып келеді. Төрайымы Инара Намазбаеваның бастамасымен әр саланың нәзік жанды арулары жұмыла жүк көтеруге қашанда дайын. Жақында қауымдастық мүшелері 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлық жасады. Әртүрлі топтағы мүгедек балалардың үйлеріне барып, Аяз ата мен Қаршақыз көңілдерін көтермек үшін өрендердің өнерлерін тамашалап, жаңа жылдық тәтті сыйлықтар ұсынды.

Жалпы, бұл балалар ерекше білім беруді қажет ететін, үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар. Әр баланың жүзіне қуаныш ұялатуды мақсат еткен қауымдастық мүшелері осындай балғындарға жаңа жылдық сыйлық жасауды үрдіске айналдырған.

Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ

One Reply to “ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары