ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ӘННЕН ШАШУ ШАШТЫ

1  775 көрілім


Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында өнер жұлдыздары қала халқына өз өнерлерін паш етті. Шара 16 желтоқсан – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.
Мерекелік кешке ҚР эстрадасының жарық жұлдыздары – «МузАрт» тобы, «АII Давай» тобының әншісі Шоқан Маратұлы, «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Мақанов, Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониясының әншілері «Сарын» тобы, Жанар Жүніс сынды бірқатар әншілер әсем әнімен көпшілікті сүйсінтті.

  • Түркістан облысының тұрғындары мен қала қонақтарын еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймыз. Елбасымыз Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қалаға облыс мәртебесін берді. Бұл шаһарда небір қазақтың игі жақсылары мәңгілікке тыныстап жатыр. Түркістан тек қазақ қандығының астанасы емес, түркі жұртының қасиетті мекені. Осындай сан ғасырлық тарихы бар қала тұрғындарының отбасына амандық, деніне саулық, бақыт, байлық тілейміз. Аман болыңыздар. Түркістан дамып, өркендей берсін, – деп жылы лебіздерін білдірді өнер жұлдыздары.
    Еліміздің ұлық мерекесі аясында өткізілген кешке келген түркістандықтардың қарасы көп болды. Мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін арттыру аясында ұйымдастырылған шарада эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаев: «Түркістан мен үшін қашанда ыстық, жаныма жақын, қасиетті шаһар облыс орталығы болғалы алғаш келуім, түрленген Түркістанды көріп қуанып жатырмын. Алдағы уақытта қарыштап дами берсін», – деп игі тілегін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы