ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, БІР ТОП АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ

2  071 көрілім

Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. 1991 жылы Елбасының жарлығымен 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Халықтың тілегі қабыл болып, тәуелсіздік туы еліміздің көгінде желбіреді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы елімізде толағай табыстарға толы болды.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасының шешімімен 2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы болып өзгеріп, оның орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Бұл ғасырларда болатын Ұлы тарихи жаңалық. Түркістанда қазақтың бар тарихы жатыр. Бүкіл түркі тілдес халықтар Түркістанды ата жұртым деп санайды. Түркістан қазақ елінің, қазақ хандығының негізін қалаған 250 жылдан аса қазақ хандығының астанасы болған тарихи шаһар деп білеміз.


Елбасы осыдан үш жыл бұрын өзінің Жарлығымен Түркістанды облыс орталығы деп жарияласа, арада көп ұзамай Түркі мемлекеттері басшыларының Саммитінде Түркі дүниесінің рухани астанасы атанды. Міне, осы Елбасының тұсаукесер рәсімі әрі ақ батасымен басталған үш жылда Түркістан мәдени, экономикалық, саяси тұрғыда серпінді дамудың даңғыл жолына түсіп, адам танымастай өзгерді. Екінші тынысы ашылған түркі дүниесінің түп төркіні даму қарқынына Түркия мемлекетінен бастап, көптеген мұсылман елдері сүбелі үлестерін қосуда.
Айтулы жиында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен барша түркістандықтарды құттықтап, қаланың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарды «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық» «Облысқа және қалаға сіңірген еңбегі үшін» медалдарымен және «Түркістан қаласының Құрметті азаматтарын» салтанатты түрде марапаттады. Қаланың белсенді ақын қызы Ұлжалғас Сүлейменова Тәуелсіздік туралы өлеңін көпшілікке арнады. Салтанатты жиын соңы қалалық мәдениет үйі қызметкерлерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы