ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ПАТРИОТТЫҚ ӘН АЙТУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

650 көрілім

Түркістан қаласында, нақтырақ айтқанда қаламыздағы педагогтар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кезекті шара жоғары дәрежеде өтті. Қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні мұғалімдері қатысқан “Өнерлі ұстаз – 2021” байқауында ұстаздарымыз патриоттық ән айтудан сайысқа түсті. “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ бастамасы және Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен музыка пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін ашу, кәсіби шеберліктерін шыңдау, мәртебесін көтеру, патриоттық әндерді насихаттау және егемен еліміздің 30 жылдық мерейлі мерекесін жоғары деңгейде атап өту мақсатында өткізілген байқауда үміткерлер алдымен өздерін таныстырса, екінші кезеңде жоғарыда айтқанымыздай ел егемендігіне, туған жерге, қасиетті қаламызға арналған патриоттық әндерін тек жанды дауыста орындады. Байқау барысында үміткерлердің патриоттық әндерді жанды дауысты орындауы, авторлық шығармашылығы ескеріліп, орындау шеберліктері мен сүйемелдеу сапасына, сахна мәдениетіне, шығармашылығына, білімділігіне мән берілді. Нәтижесінде жас маман, Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Әли Назира Бүркітқызы бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, басқа да қатысушыларға жүлделі орындар белгіленіп, әр үміткер өз өнеріне лайықты бағаларын алды. Ал, аталған байқаудың облыстық кезеңі “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен онлайн форматында өткізілді. Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-тен астам педагогтар қатысқан облыстық байқауда да түркістандық ұстаздың өнері жоғары бағаланды. Атап айтсақ, жас өнерлі маман Назира Бүркітқызы «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясына ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы