ҚАЛА ӘКІМІ НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

1  323 көрілім

Қала әкімі Н.Тұрашбеков қала аумағындағы имамдармен кездесіп, пікір алмасты. Қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев бүгінгі таңда Түркістан қаласындағы діни ахуал жайлы кеңінен баяндап өтті. Түркістан қаласы бойынша ҚМДБ-на қарасты мешіттер – 32, намазханалар саны – 16. Қазіргі таңда қала бойынша 31 имам қызмет атқаруда. Имамдардың басым көпшілігі Алматы қаласындағы имамдардың білімін жетілдіру институтын тәмамдаған.

Кездесуде қаламыздағы мешіттер мен намазханаларды қайта тіркеу жұмыстарын жандандыруды қолға алып, қаламыздағы мешіт имамдарының шешендік өнерін сөз саптауларын дамыту мақсатында түрлі шаралар, байқаулар ұйымдастыру шаралары пысықталды. Қаламыздың жастары арасында уағыз, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу жолдарын бірізділікке келтіру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Түркістан қалалық өкілдігі мен қала әкімдігі тарапынан өткізілетін бірлескен іс-шаралар барысы пысықталып, бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты. Түркістан қаласы рухани орталық имиджін қалыптастыруда имамдардың алар орны ерекше. Осы орайда, дін өкілдерінің қоғам алдындағы міндеттері, жамағатты жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып, елді бірліккке, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тазалыққа шақыруда және қоғамдық істерде белсенділік танытуы кеңінен айтылды. Қала әкімі дін өкілдері тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін және айына бір рет басқосу өткізіліп тұратынын жеткізді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы